unfoldingWord 22 - Жақияның дүниеге келуі
개요: Luke 1
스크립트 번호: 1222
언어: Kazakh
청중: General
목적: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
지위: Approved
이 스크립트는 다른 언어로 번역 및 녹음을위한 기본 지침입니다. 그것은 그것이 사용되는 각 영역에 맞게 다른 문화와 언어로 조정되어야 합니다. 사용되는 몇 가지 용어와 개념은 다른 문화에서는 다듬어지거나 생략해야 할 수도 있습니다.
스크립트 텍스트
Бұрыңғы заманда Құдай Өзінің пайғамбарларымен сөйлесіп, олар арқылы халыққа сөздерін жеткізіп отырған еді. Бірақ содан кейін төрт жүз жыл бойы Құдай адамдарға үн қатпады. Бір күні Құдай Зәкәрия есімді діни қызметкерге періштесін жібереді. Зәкәрия мен оның әйелі Елізабет Құдайды қастерлейтін. Екеуінің де жасы ұлғайып қалған еді. Ал Елізабет құрсақ көтермегендіктен балалары болмады.
Зәкәрия ғибадатханада қызмет көрсетіп тұрғанда періште оған келіп былай деді: “Әйелің саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Құдай оны Киелі Рухқа бөлейді және Жақия халықты Мәсіхтің келуіне дайындайды!” Зәкәрия жауап қайтарып: “Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өйткені балалы болуға өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой!” — деді.
Періште Зәкәрияға жауап беріп: “Құдай мені саған жақсы хабар жеткізу үшін жіберді. Сен менің айтқандарыма сенбегендіктен, нәресте туылмайынша сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың.” — деді. Сол сәтте-ақ Зәкәрия сөйлеу қабілетінен айырылды. Періште кетіп, Зәкәрия үйіне оралды. Көп ұзамай әйелі жүкті болды.
Елізабеттің жүктілігінің алтыншы айында сол періште кенеттен Елізабеттің туысы Мәриямға келді. Мәриям Жүсіп атты адаммен некелескен пәк қыз еді. Періште оған: “Сен жүкті болып, ұл табасың. Атын Иса деп қой. Ол Жаратушы Құдайдың Ұлы болып, мәңгілік билік құрады.” — деді.
Мәриям былай деп жауап берді: “Бұл қалай болмақ, мен еркекпен жақындасқан емеспін?” Періште оған: “Саған Киелі Рух қонып, Құдай рақымын түсіреді. Сондықтан бұл Нәресте киелі, Құдайдың Ұлы атанбақ”. Мәриям періштенің айтқанына сенеді.
Кейін Мәриям жолға жиналып Елізабеттің үйіне барады. Мәриям онымен амандасқан сәтте Елізабеттің ішіндегі нәресте қуана жыбырлай бастайды. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп оның алдында Мәсіхтің анасы тұрғанын түсінеді. Құдайдың оларға жасаған істері үшін әйелдер Оған қуана алғыстарын білдіреді. Мәриям Елізабеттің үйінде үш ай тұрғаннан кейін үйіне қайтып оралады.
Біраз уақыттан кейін Елізабет ұл туады. Зәкәрия мен Елізабет періштенің айтуымен ұлдарын Жақия деп атайды. Сонда Құдай Зәкәрияға қайтадан сөйлеу қабілетін береді. Зәкәрия былай деді: “Таңдап алған халқына келген, оған қол ұшын берген Жаратқан Ие мадақталсын! Сен менің ұлым Жаратқан Иенің пайғамбары боласың. Адамдарға күнәларынан кешірім алатын жолды көрсететін боласың!”