unfoldingWord 09 - Құдайдың Мұсаны шақыруы

unfoldingWord 09 - Құдайдың Мұсаны шақыруы

概要: Exodus 1-4

文本編號: 1209

語言: Kazakh

聽眾: General

目的: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

狀態: Approved

腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。

文本文字

Жүсіптің өлімінен кейін оның туыстары Мысыр елін мекендеп қалды. Олар ұрпақтарымен сол жерді ұзақ тұрып, өсіп-өніп көбейді. Оларды исраилдіктер деп атайтын.

Арада жүздеген жылдар өтіп, исраилдіктердің саны тым көбейіп кетті. Мысырлықтар Жүсіпті және оның жасаған жақсылықтарының бәрін ұмытты. Исраилдіктердің көбейгені соншалық, мысырлықтар олардан қорқа бастады. Сонда Мысыр елінің патшасы исраилдіктерді құлдыққа салды.

Мысырлықтар исраилдіктерді зәулім үйлер, тіпті үлкен қалаларды соғуға мәжбүрледі. Ауыр жұмыстардың кесірінен Исраил халқының жағдайы қиындай түсті. Алайда Құдай оларды жарылқап, өсіп-өніп ұрпақтары көбейе берді.

Перғауын исраилдіктерде көп нәрестелердің туылып жатқанын көрді. Сонда патша өз халқына исраилдіктердің жаңа туылған ұл балаларын Ніл өзеніне лақтырып өлтірулерін бұйырды.

Сол уақытта бір исраилдік әйел ұлды болып, оны ұзақ уақыт бойы жасырып жүреді.

Баланы бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, оны өлімнен сақтап қалу үшін анасы баланы себеттің ішіне салып, Ніл өзенінің жағасындағы қамыстың арасына қалдырып кетеді. Баланың әпкесі онымен не болар екен деп аңдып тұрды.

Сол мезгілде перғауынның қызы Ніл өзеніне суға түсуге келді. Ол су жағасынан себетті байқап, ішін ашып қарады. Нәрестені көргенде оны аяп кетті. Сол жерде жүрген сәбидің әпкесі перғауынның қызына баланы емізетін исраилдік әйелді алып келейін деп ұсынды. Сонымен перғауынның қызы сәбиді емізетін әйелді жалдайды, бірақ сол әйелдің өзі сәбидің туған анасы екенін білмеді. Бала өсіп, омыраудан шыққаннан кейін анасы оны перғауынның қызына қайтарып берді. Ол баланы асырап алып, оған Мұса деген ат қойды.

Мұса ер жетті. Бір күні Мұса мысырлықтың исраилдік құлды ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. Мұса өзінің ұлттасына болысып, оны құтқаруға тырысты.

Мұса жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген соң, мысырлықты өлтіріп құмға көміп тастайды. Бірақ сол қылмыс жасырын қалмады.

Мұсаның істеген әрекетін естіп қойған перғауын оны өлтіруге бұйрық береді, бірақ Мұса Мысырдан шөл далаға қашып кетеді. Перғауынның жауынгерлері Мұсаны таба алмады.

Мысырдан алыс жерде, елсіз далада Мұса қой бағып жүрді. Сол елден әйел алып, екі ұлды болады.

Мұса қайын атасының койларын бағып жүрді. Бір күні ол жанып тұрса да өртенбейтін тікенді бұтаны көреді. Анықтап қарау үшін Мұса оның жанына келді. Жанып тұрған бұтаға жақындағанда Құдай оған: “Мұса, аяқ-киіміңді шеш! Сен киелі жерде тұрсың” — дейді.

Содан кейін Құдай былай деді: “Мен халқымның қиналып жүргенін көрдім. Құлдықта жүрген исраилдіктерді Мысырдан шығару үшін Мен сені Перғауынға жіберемін. Мен оларға Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыпқа уәде еткен Қанахан жерін беремін”

Мұса былай деп сұрады: “Егер халық менен, сені кім жіберді деп сұраса не істеймін? Оларға не деп жауап берейін?” Сонда Құдай: “МЕН БАР БОЛУШЫМЫН. Оларға былай де: “Мені сендерге жіберген Бар Болушы”. Тағы былай деп айт: “МЕН — ЖАРАТҚАН ИЕ, ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың Құдайымын. Бұл Менің Мәңгілікке қалатын есімім””.

Мұса қорқып, әрі сөзге шолақ болғандықтан перғауынға барғысы келмеді. Сондықтан Құдай оған көмекші ретінде ағасы Харонды жібереді.

相關信息

生命之道 - 環球錄音網擁有用數以千計的語言去錄製的福音信息,內容包括一些有關救恩和基督徒樣式的聖經信息。

免費下載 - 免費下載傳教及發展教會組織所用的錄音、圖片、文本和其他相關資料。內容包括聖經故事與傳教課程,并已被翻譯成上千種語言。

環球錄音網音頻圖書館 - 提供mp3,CD和磁帶形式的傳播福音和基本的宣教材料,適宜人們的需要和文化。錄音材料的形式多樣,包括簡單的聖經故事,福音信息,經文朗誦和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons