unfoldingWord 45 - Степан мен Філіп

unfoldingWord 45 - Степан мен Філіп

概要: Acts 6-8

文本编号: 1245

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Қауым өсіп жатты, ал елшілер қауымды басқару үшін өздеріне көмекшілерді таңдап алды. Степан барлық адамдардың құрметіне бөленген болатын. Құдайдың құдіретіне және даналығына кенелген Степан халық арасында көптеген кереметтер жасап жүрді. Степанның уағызынан кейін көптеген адамдар Исаның шәкірті болып жатты.

Бір күні Степан Иса туралы үйретіп жатқанда басқа өлкелерден келген яһудилер оған қарсы шығып, айтыса бастады. Бірақ олар оның даналығына қарсы тұра алмады. Сонда олар өзара сөз байласып, Степан Мұсаға және Құдайдың Өзіне тіл тигізді деп өтірік жала жапты. Осыны естіген басшылар мен дін мұғалімдері қатты ашуланды. Степанды ұстап алып, оны басты діни қызметкерге алып келді. Сонымен қатар сол жерге жалған куәгерлер де келіп, Степанға жала жапты.

Бас діни қызметкер Степаннан: “Бұл адамдар сен туралы шындықты айтып жатыр ма?” — деп сұрады. Степан бас діни қызметкерге Құдай Ыбырайымның заманынан Исаның заманына дейін Исраил халқы үшін көптеген кереметтер жасағанын айтты. Бірақ адамдар Құдайды тыңдағысы келмеді және Оның еркіне қарсы әрекет етті. Степан: “Ей, қасарысқан, Құдайды тыңдамайтын адамдар! Ата-бабаларың Құдайдан бас тартып, Оның пайғамбарларын өлтіргендері сияқты сендер де Киелі Рухтан бас тартып жатырсыңдар. Бірақ сендер олардан да асып түстіңдер! Сендер Мәсіхті өлтірдіңдер!” — деді.

Мұны естіген адамдар қатты ашуланып, құлақтарын жауып, қатты айқайлап, Степанға бас салды. Олар оны қаладан алып шығып, тас лақтырып өлтірді.

Степанды таспен ұрып жатқан кезде ол: “Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр!” — деді. Сосын тізерлеп тұрып: “Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!” — деп қатты айқайлады. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды.

Сол күндері Иерусалимнің көптеген адамдары Исаның шәкірттерін қудалай бастайды, сондықтан сенушілер Яһудея мен Самарияның әр жерлеріне қашып кетеді. Бірақ қудалауға қарамастан олар қайда барса да, Иса туралы Ізгі хабарды жариялап жүрді.

Філіп елшілердің көмекшілерінің бірі болды. Басқа сенушілер сияқты ол да Иерусалимнен қашқан болатын. Філіп Самарияға барып, Иса туралы Ізгі хабарды айта бастайды. Көптеген адамдар оның айтқандарына сеніп, құтқарылды. Бір күні Філіпке Құдайдың періштесі келіп, белгіленген жермен жүріп шөл далаға қарай барсын деп бұйырады. Філіп солай жасады. Ол шөл далаға бара жатқан жолда күймеде келе жатқан адамды кездестіреді. Ол Эфиопияның қазынасын басқаратын уәзір болған еді. Киелі Рух Філіпке сол адамға жақындап, сөйлес деп бұйырды.

Філіп күймеге жақындағанда, сол кісінің Құдай сөзін оқып отырғанын естіді. Үзінді Ишая пайғамбардың жазбасынан еді: “Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады. Ол жәбірленіп, әділ сотталу құқығынан айырылды”.

Сонда Філіп сол кісіден: “Оқып отырғаныңыз түсінікті ме?” — деп сұрады. Уәзір былай деп жауап берді: “Жоқ. Біреу түсіндірмесе, түсіне алмаймын. Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы. Пайғамбар осы сөздерді өзі туралы айтып тұр ма, әлде басқа біреу туралы ма?”

Філіп күймеге отырып, эфиопиялық уәзірге Ишаяның пайғамбарлық сөзінде Иса туралы айтқанын түсіндірді. Сонымен қатар Філіп Киелі Жазба туралы бөлісіп, сол адамға Иса туралы Ізгі Хабар айтып берді.

Сол уақытта Філіп пен эфиопиялық уәзір судың қасынан өтіп бара жатқан еді. Эфиопиялық адам: “Мынау су ғой. Осы жерде суға шомылдыру рәсімінен өтсем болады ма?” — деп өтінді. Філіп оған: “Шын жүректен сенсеңіз, болады” — деді. Эфиопиялық адам: “Ия, Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сенемін” — деді. Содан кейін ол күймені тоқтатуды бұйырды.

Олар суға кірді, Філіп эфиопиялық уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді. Олар судан шыққан кезде, кенеттен Киелі Рух Філіпті басқа жерге апарып тастайды.Сол жерде Філіп адамдарға Иса туралы Ізгі хабарды тараттты.

Ал эфиопиялық адам үйіне қарай жолын жалғастырды. Ол Иса туралы естігеніне қатты риза болды.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons