unfoldingWord 01 - Әлемнің жаратылуы
రూపురేఖలు: Genesis 1-2
స్క్రిప్ట్ సంఖ్య: 1201
భాష: Kazakh
థీమ్: Bible timeline (Creation)
ప్రేక్షకులు: General
ప్రయోజనం: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
స్థితి: Approved
స్క్రిప్ట్లు ఇతర భాషల్లోకి అనువాదం మరియు రికార్డింగ్ కోసం ప్రాథమిక మార్గదర్శకాలు. ప్రతి విభిన్న సంస్కృతి మరియు భాషలకు అర్థమయ్యేలా మరియు సంబంధితంగా ఉండేలా వాటిని అవసరమైన విధంగా స్వీకరించాలి. ఉపయోగించిన కొన్ని నిబంధనలు మరియు భావనలకు మరింత వివరణ అవసరం కావచ్చు లేదా భర్తీ చేయబడవచ్చు లేదా పూర్తిగా విస్మరించబడవచ్చు.
స్క్రిప్ట్ టెక్స్ట్
Ең басында қалай болды және қалай жаратылды. Алты күннің ішінде Құдай бүкіл әлемді және ондағы барлығын жаратты. Бірінші күні Құдай жерді жаратты. Жер ретсіз тіршіліксіз бос жатты. Себебі Құдай әлі еш нәрсе жаратпаған еді. Тек Құдайдың рухы ғана судың бетінде қалықтап ұшып жүрді.
Сол кезде Құдай: “Жарық пайда болсын” — деді. Солай жарық пайда болды. Құдай жарықтың жақсы екенін көріп, оны “күн” деп атады. Ол түнекті жарықтан бөліп, оны “түн” деп атады. Бірінші күні Құдай жер мен жарықты жаратты.
Екініші күні Құдай “Әуе кеңістігі пайда болсын” — деді. Солай әуе кеңістігі пайда болды. Оны Құдай “аспан” деп атады.
Үшінші күні Құдай: “Су бір жерге жиналып, құрлық пайда болсын!” — деді. Ол құрлықты “жер”, ал суды “теңіз” деп атады. Осылай Құдай жасағандарына қарап, оның жақсы екенін көрді.
Содан кейін Құдай : “Жер бетінде әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер пайда болсын!” деді. Солай болды да. Құдай жаратылысына қарап, жақсы екенін көрді.
Төртінші күні Құдай: “Жарық көздері пайда болсын!” деп бұйырды. Аспанда күн, ай және жұлдыздар пайда болды. Құдай оларды, жер бетіне жарық нұрын шашу үшін және олар арқылы күн мен түнді ажыратып, жылдар мен жыл мезгілдерін анықтау үшін жаратты. Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, жақсы екенін көрді.
Бесінші күні Құдай: “Су тірі жәндіктерге толсын және аспанда құстар пайда болсын!” деп бұйырды. Осылай Құдай су жәндіктері мен барлық құстарды жаратты. Құдай осының бәріне қарап жақсы екенін көрді де, оларға оң батасын берді.
Алтыншы күні Құдай: “Құрлықта жануарлардың барлық түрлері пайда болсын!” деді — бәрі Ол айтқандай болды. Жануарлардың ішінде малдар, аңдар, және бауырымен жорғалаушылар болды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Содан кейін Құдай былай деді: “Біз рухани жағынан өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Олар жер мен жанураларға ие болып күтіп бағатын болады”.
Құдай жердегі топырақтан адамды калыптастырып жасап, тіршілік лебін үрледі. Оған Адам деген ат береді. Құдай бағын орнатып, оны күтіп бағу үшін Адамды сол жерге орналастырды.
Құдай бақтың ортасында мәңгілік өмірді сыйлатын және жақсылық пен жамандықты танытатын екі ерекше ағашты отырғызды. Сөйтіп Құдай Адамға жамандық пен жақсылықты танытатын ағаштың жемісінен басқа, кез келген ағаштың жемісін жеуге болатынын айтты. Егер сол ағаштың жемісін жесең, өлімге тап боласын деп ескертті.
Содан кейін Құдай Адамның жалғыз болғаны жақсы емес, оған көмекші керек деп шешті. Құдай Адамға барлық жануарларды әкелді, ал ол оларға ат қойды. Бірақ арасынан Адамға сай көмекші табылмады.
Сонда Құдай Адамды терең ұйқыға батырды. Ол ұйқыға батқанда, оның бір қабырғасынан әйелді жаратып, оны Адамның алдына алып келді.
Адам оны көргенде: “Бәрекелді, өзіме ұқсас екен! Аты әйел болсын, себебі ол еркектің қабырғасынан жаратылған”, — деді. Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылып екеуі біртұтас болады.
Құдай еркек пен әйелді Өзіне ұқсас қылып жаратқаннан кейін, оларға оң баталарын беріп: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар!” — деді. Құдай Өзінің жаратқандарына қарап жақсы екенін көріп, қанағаттанды. Бұның бәрі алтыншы күні болды.
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтады. Ол жетінші күнге оң батасын беріп, оны қасиетті күн деп белгіледі. Себебі бұл күні жарату жұмыстарын бітірген еді. Осылайша әлем мен ондағы барлық нәрселер жаратылды.