unfoldingWord 17 - Құдайдың Дәуітпен жасаған келісімі

unfoldingWord 17 - Құдайдың Дәуітпен жасаған келісімі

രൂപരേഖ: 1 Samuel 10; 15-19; 24; 31; 2 Samuel 5; 7; 11-12

മൂലരേഖ (സ്ക്രിപ്റ്റ്) നമ്പർ: 1217

ഭാഷ: Kazakh

പ്രേക്ഷകർ: General

ഉദ്ദേശം: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

അവസ്ഥ: Approved

മറ്റ് ഭാഷകളിലേക്ക് വിവർത്തനം ചെയ്യുന്നതിനും റെക്കോർഡുചെയ്യുന്നതിനുമുള്ള അടിസ്ഥാന മാർഗ്ഗനിർദ്ദേശങ്ങളാണ് സ്ക്രിപ്റ്റുകൾ. ഓരോ വ്യത്യസ്‌ത സംസ്‌കാരത്തിനും ഭാഷയ്‌ക്കും അവ മനസ്സിലാക്കാവുന്നതും പ്രസക്തവുമാക്കുന്നതിന് അവ ആവശ്യാനുസരണം പൊരുത്തപ്പെടുത്തണം. ഉപയോഗിച്ച ചില നിബന്ധനകൾക്കും ആശയങ്ങൾക്കും കൂടുതൽ വിശദീകരണം ആവശ്യമായി വന്നേക്കാം അല്ലെങ്കിൽ രൂപാന്തരപ്പെടുത്തുകയോ പൂർണ്ണമായും ഒഴിവാക്കുകയോ ചെയ്യാം.

മൂലരേഖ (സ്ക്രിപ്റ്റ്) ടെക്സ്റ്റ്

Саул Исраилдің бірінші патшасы болды. Ол Исраил халқының жүрегінен шыққан бойы ұзын, сымбатты жігіт еді. Исраил еліне билік жүргізген алғашқы жылдары Саул жақсы патша болды. Бірақ кейін ол зұлым істер жасап, Құдайға мойынсұнбай кетті. Сонда Құдай оның орнына басқа патша тағайындады.

Құдай Дәуіт есімді жас исраилдікті таңдап, оны Саулдан кейінгі патша болуға дайынған еді. Дәуіт Бетлехем қаласынан шыққан шопан болатын. Әкесінің малын бағып жүргенде Дәуіт қойларға шапқан арыстан, мен аюларды өлтіретін. Ол өте кішіпейіл, адал адам болды. Ол Құдайға сенім артып, Оған мойынсұнды.

Жас кезінде Дәуіт Ғолият есімді алып жауынгермен күрескен болатын. Ғолият өте күшті, тәжірибелі жауынгер еді, оның бойы шамамен үш метрдей болатын! Құдай Дәуітке Ғолиятты жеңіп, Исраилді құтқаруға көмектесті. Содан кейін де Дәуіт Исраилдің жауларын жеңіп отырды. Ол ұлы жауынгер атанып, Исраил әскерін көп рет соғысқа бастап алып жүрді. Дәуіт исраилдіктердің көңілінен шығып, олар оны мақтап жүрді.

Халықтың Дәуітті жақсы көргені соншалық, Саул оған қарсыласы ретінде қарап, қызғана бастады. Сонда Саул Дәуітті өлтірмекші болады, ал Дәуіт Саул мен оның нөкерлерінен шөл далаға қашып кетеді. Бірде Саул әскерлерімен Дәуітті іздеп шығады. Ол Дәуіт тығылып отырған үңгірге кіріп, оны көрмей қалады. Сонда Дәуіт Саулдың артынан білдіртпей келіп, оның киімінің шетін кесіп алады. Содан кейін Саул үңгірден шыққанда Дәуіт оны дауыстап шақырып, кесілген киімінің бөлігін көрсетеді. Сонда Саул Дәуіттің оны өлтіріп, патшалығын алып қоятын мүмкіндігі болса да, оны қолданбағанын түсінді.

Біраз уақыттардан кейін Саул шайқаста өліп, оның орнына Дәуіт Исраилдің патшасы болады. Құдай Дәуітті жарылқап, оны әрбір істе табысты етті. Ол жақсы патша болды, халық та оны жақсы көрді. Дәуіт көптеген шайқастарға қатысты, ал Құдай Исраилдің жауларын жеңуге көмектесті. Иерусалим қаласын жаулап алып, оны патшалығының астанасы етті. Ол сол қалада тұрып, елді басқарды. Дәуіт қырық жыл бойы патшалық құрды. Ол басқарған жылдары Исраил мықты әрі бай мемлекетке айналды.

Дәуіт халқына Құдайға сиынып, құрбандық жасайтын ғибадатхана салғысы келді. Себебі бұдан бұрын Исраил халқы 400 жыл бойы Мұса жасаған Киелі шатырда ғибадат етіп, құрбандық жасайтын.

Сол уақытта Натан есімді бір пайғамбар өмір сүрген еді. Құдай оны Дәуітке мына сөздерді айтуға жіберді: “Сен көп соғысқандықтан, Маған арналған киелі үйді салмайсың. Оны сенің ұлың салатын болады. Бірақ Мен сені молынан жарылқаймын. Сенің ұрпағыңнан шыққан Біреу Исраил халқына мәңгі билік құратын болады”. Мәңгі билік құра алатын Дәуіттің бірден бір ұрпағы ол — Мәсіх. Мәсіх — бүкіл әлемді күнәдан құтқаратын Құдайдың таңдаулысы.

Дәуіт Натанның сөзін естігенде Құдайды мадақтады, оған осыншама құрмет көрсетіп, көптеген баталарды бергені үшін Оған алғыс айтты. Дәуіт Құдайдың осы уәделерді қашан орындайтынын білмеді. Бірақ исраилдіктердің Мәсіхті ұзақ уақыт бойы — мың жылдың шамасында күткенін білеміз.

Дәуіт көптеген жылдар бойы өз халқын әділдікпен басқарды. Ол Құдайға мойынсұнды және Құдай оны жарылқап жүрді. Дегенмен кейін ол Құдайдың алдында ауыр күнә жасады.

Бір күні Дәуіт сарайынан төмен қарағанда шомылып жатқан бір сұлу әйелді көрді. Ол оның кім екенін білмеді, ол туралы қызметшілері арқылы сұрастырғанда оның есімі Барсабия екенін білді.

Қарамай кері бұрылып кетудің орнына, Дәуіт кызметшілерін жіберіп әйелді өзіне алдыртады. Ол Барсабиямен жақындасып, оны үйіне қайтарып жібереді. Біраз уақыт өте келе Барсабия аяғының ауыр екендігі туралы Дәуітке хабарлайды.

Барсабия Урия атты кісінің әйелі еді. Урия Дәуіттің мықты батырларының бірі болатын. Сол уақытта ол соғыста жүрген еді. Сонда Дәуіт Урияны соғыстан шақырып алып, әйеліне баруға бұйрық береді. Бірақ Урия басқа жауынгерлер соғысып жатқандықтан үйге барып демалудан бас тартты. Сонда Дәуіт Урияны қайтадан соғысқа жіберіп, қолбасшыға Урияның өлуі үшін оны шайқастың ең алғы шебіне қойсын деп бұйрық береді. Сөйтіп Урия соғыста қаза табады.

Урия өлгеннен кейін, Дәуіт Барсабияға үйленеді. Көп ұзамай ол ұлды болады. Дәуіттің бұл әрекетіне Құдай қатты ашуланды. Оған ауыр күнә жасағанын айту үшін Натан пайғамбарды жібереді. Дәуіт күнә жасағанын мойындап Құдайдан кешірім сұрайды. Құдай оны кешіреді. Осыдан кейін Дәуіт өмірінің соңына дейін, тіпті, қиын жағдайларда да Құдайдың артынан еріп Оған мойынсұнды.

Соған қарамастан Дәуіттің ұлы туылған кезде шетінеп кетеді. Осылай Құдай Дәуітті жазалады. Сонымен қатар Дәуітке өмірінің соңына дейін кейбір жанұясының мүшелері қарсы шығып отырды. Дәуіттің патшалығы қатты әлсірей бастады. Құдай Дәуіттің мойынсұнбағанына қарамастан оған сенімді болып, Дәуітке берген уәделерін орындап жүрді. Дәуіт пен Барсабияның тағы бір ұлы туылады, оның атын Сүлеймен деп қояды.

ബന്ധപ്പെട്ട വിവരങ്ങൾ

Free downloads - Here you can find all the main GRN message scripts in several languages, plus pictures and other related materials, available for download.

The GRN Audio Library - Evangelistic and basic Bible teaching material appropriate to the people's need and culture in a variety of styles and formats.

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons