unfoldingWord 05 - Құдай уәде еткен ұл

unfoldingWord 05 - Құдай уәде еткен ұл

概要: Genesis 16-22

文本编号: 1205

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Ыбырам мен Сарай Қанахан жеріне көшіп келгендеріне он жыл өтсе де, оларда әлі де балалары болмады. Сонда Ыбырамның әйелі Сарай оған: “Мен қартайдым, бала көтере алмаймын. Егер Құдай маған балалы болуды бұйырмаған болса, онда міне, менің күңім Ажармен жақындас. Осылай ол маған бала туып берсін.” — деді.

Ыбырам солай істеді де. Ажар жүкті болып, өзін Сарайдан жоғары ұстай бастайды. Сонда Сарай бұған Ыбырамды кінәлады. Бірнеше уақыттан кейін Ажар ұлды болып, Ыбырам оған Ысмағұл деген ат қояды. Ысмағұл он үш жасқа толғанда, Құдай Ыбырамға тағы да сөйлейді.

Құдай Ыбырамға: “Мен құдіретті Жаратқан Иемін. Мен сенімен келісім жасаймын” — деді. Ыбырам Құдайдың дауысын естігенде, Оны құрметтеп етбетімен жерге жатты. Құдай сөзін жалғастырып былай деді: “Сен көптеген халықтардың түп атасы боласың. Мен Қанахан жерін саған және сенің ұрпақтарыңа беремін және олардың Құдайы боламын. Сонымен қатар отбасыңдағы әрбір еркек атаулыны сүндеттеуге тиістісің”.

“Мен саған уәде еткендей сенің әйелің Сарай ұлды болады. Оның есімін Ысқақ деп қой. Мен онымен келісім жасаймын және одан ұлы халықты өрбітіп шығарамын. Ысмағұлдан да ұлы халықты өрбітіп шығарамын, бірақ келісімімді Ысқақпен орнатамын. Содан кейін Құдай Ыбырамның есімін Ыбырайым деп өзгертті”. Оның мағынасы “көптің атасы” дегенді білдіреді. Сонымен қатар Құдай Сарайдың да есімін Сара деп өзгертті. Оның мағынасы “ханша” дегенді білдіреді.

Сол күні Ыбырайым үй ішіндегі еркек атаулының барлығын сүндетке отырғызды. Шамамен бір жылдан кейін, Ыбырайым жүз жаста, ал Сара тоқсан жаста болғанда, Сара Ыбырайымға ұл туып береді. Құдай айтқандай оның атын Ысқақ деп қояды.

Ысқақ әлі кішкентай болған кезде, Құдай Ыбырайымның сенімін сынамақ болады. Ол Ыбырайымға: “Жалғыз ұлың Ысқақты Маған құрбандыққа шал” — деді. Ыбырайым бұл жолы да Құдайға мойынсұнып, өз ұлын құрбандыққа әкелуге дайындала бастады.

Ыбырайым мен Ысқақ құрбандық шалатын орынға келе жатқанда Ысқақ әкесінен: “Әке, құрбандық шалатын отын бар, ал тоқты қайда?” деп сұрағанда, Ыбырайым: “Балам, құрбандыққа шалатын тоқтыны Құдайдың Өзі береді” деді.

Олар құрбандық шалатын орынға жеткен кезде, Ыбырайым Ысқақты байлап сол орынға жатқызады. Ысқақты өлтірейін деп жатқанда, Құдай былай дейді: “Тоқта! Ұлыңа тиіспе! Мен үшін жалғыз ұлыңды аямағаныңа қарап, Мені қастерлейтініңе көзім жетті!”.

Сол кезде Ыбырайым бұтақтар арасында шырмалып қалған қошқарды көреді. Бұл Ысқақтың орнына кұрбандыққа жіберілген Құдайдың тоқтысы еді. Ыбырайым сол қошқарды алып, қуана құрбандыққа шалады.

Сонда Құдай Ыбрайымға былай дейді: “Менен жалғыз ұлыңды аямағаның үшін Мен сені жарылқаймын. Ұрпағыңның саны аспандағы жұлдыздардай көп болады. Менің сөзіме құлақ асқаның үшін жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады!” — деп уәде берді.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons