unfoldingWord 39 - Исаның сот алдында тұруы

unfoldingWord 39 - Исаның сот алдында тұруы

概要: Matthew 26:57-27:26; Mark 14:53-15:15; Luke 22:54-23:25; John 18:12-19:16

文本編號: 1239

語言: Kazakh

聽眾: General

目的: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

狀態: Approved

腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。

文本文字

Түн ортасында жасақшылар Исаны басты діни қызметкердің үйіне алып келді. Өйткені ол Исаны тергемекші болатын. Петір олардың артынан алыстан ілесіп отырды. Жасақшылар Исаны басты діни қызметкерге алып келген кезде Петір сыртта қалып, жылыну үшін оттың қасына келіп тұрды. Сол жерде қызметшілер мен сақшылар да жылынып тұрған еді.

Осы уақытта рубасылар және Таурат заңын үйретушілер басты діни қызметкердің үйінде Исаны тергей бастады. Олар Исаға қарсы жалған куәлік беретін адамдарды тауып алған еді. Бірақ олардың айтқандары бір-біріне сай келмеді. Сондықтан олар Исаның кінәсін дәлелдей алмады. Иса да Өзін ақтау үшін ештеңе айтпады.

Ақырында бас діни қызметкер Исаның бетіне қарап: “Бізге айтып бер: Сен Құдайдың Ұлы — Мәсіхсің бе?” — деген сұрақ қойды.

Иса: “Иә, Мен — Мәсіхпін, Менің Құдаймен бірге отырғанымды және көктен келгенімді көресіңдер”, — деп жауап берді. Исаның сөздеріне ашуланған бас діни қызметкер өңірін айыра жыртты. Ол айқайлап: “Бізге бұл Адамның не істегенін айтатын басқа куәгерлердің қажеті жоқ! Сіз Оның Құдайдың Ұлымын деп айтқанын естідіңіз. Оған қарсы қандай шешім қабылдайсыз?”

Ондағылардың бәрі бас діни қызметкерге жауап беріп: “Ол өлімге лайық!” — деп айқайлады. Олар Исаның көзін байлап, Оған түкіре бастады, Оны ұрып-соғып, мазақ етті.

Бұл уақытта Петір үйдің сыртында күтіп тұрды. Оны бір қызметші көріп қалып, оған: “Сен де Исамен бірге болдың ғой!” — деді. Бірақ Петір оны жоққа шығарды. Кейінірек тағы бір қыз оған дәл солай айтққан кезде, Петір оны да жоққа шығарды. Ақырында кейбір адамдар: “Сенің Исамен бірге болғаныңды білеміз, өйткені екеуің де Ғалилеядансыңдар”, — деді.

Исаны білмеймін деп Петір ант бере бастады. Ол былай деп айтқан еді: “Мен ант етемін, бұл адамды білмеймін және не деп айтып тұрғандарыңды түсінбеймін!” Сонда Иса бұрылып Петірге қарады, Петірдің есіне Исаның: “Бүгін түнде әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың” — деген сөздері түсті.

Петір сыртқа шығып, қатты налып жылады. Сол кезде Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исаны өлім жасасына кескенін естіді. Ол істегеніне өкініп, басты діни қызметкерлер мен рубасыларына барып, олардың берген ақшасын қайтарып береді де, асылып өледі.

Сол уақытта Яһуданың римдік әміршісі Пилат болатын. Діни қызметкерлер мен рубасылар Исаны Пилаттың алдына алып барады. Олар рим әміршісінің Исаны соттап, өлім жазасына кескенін қалады. Пилат Исадан: “Сен Яһуда патшасысың ба?” — деп сұрады.

Иса оған былай деп жауап берді: “Сен дұрыс айтасың. Дегенмен Менің Патшалығым бұл жерде емес. Әйтпесе Менің қыметшілерім Мен үшін күресетін еді. Мен осы әлемге Құдай туралы шындықты жеткізу үшін келдім. Шындықты сүйетін әркім Мені тыңдайды”. Әмірші Пилат Исадан: “Сонда шындық дегеніміз не?” — деп сұрады.

Исамен сөйлескеннен кейін Пилат халыққа шығып: “Мына Адамнан өлім жазасына тартылатындай еш кінә таппай тұрмын” — деді. Бірақ бас діни қызметшілер, рубасылар мен жиналған халық: “Айқышқа шегеленсін!” — деп айқалады. Пилат оларға: “Бұл Адам сіздер кінәлайтындай ешқандай қылмыс жасаған жоқ”. Бірақ жиналған халық қатты айқалап жатты. Сонда Пилат үшінші рет: “Оның еш кінәсы жоқ!” — деді. Бірақ жиналған халық: “Ол айқышқа шегеленсін!” — деп одан бетер айқалады.

Халық көтеріліске шығады деп қауіптеніп, Пилат олардың талаптарын орындап, жасақшыларға Исаны айқышқа шегелесін деп бұйырады. Рим жасақшылары Исаны қамшымен аямай соғады. Олар Исаның үстіне патшаның шапанын жауып, басына тікенді тәж кигізіп, қараңдар, “бұл яһудилердің Патшасы!” — деп келекеледі.

相關信息

生命之道 - 環球錄音網擁有用數以千計的語言去錄製的福音信息,內容包括一些有關救恩和基督徒樣式的聖經信息。

免費下載 - 免費下載傳教及發展教會組織所用的錄音、圖片、文本和其他相關資料。內容包括聖經故事與傳教課程,并已被翻譯成上千種語言。

環球錄音網音頻圖書館 - 提供mp3,CD和磁帶形式的傳播福音和基本的宣教材料,適宜人們的需要和文化。錄音材料的形式多樣,包括簡單的聖經故事,福音信息,經文朗誦和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons