unfoldingWord 29 - Мейірімсіз қызметші туралы әңгіме

概要: Matthew 18:21-35
文本編號: 1229
語言: Kazakh
聽眾: General
目的: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
狀態: Approved
腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。
文本文字

Бір күні Петір Исадан: “Ұстаз, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?” — деп сұрады. Иса: “Жеті рет емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін,” — деп жауап берді. Мұнымен Иса әрдайым кешіру керектігі туралы айтқысы келді. Кейін Иса мына әңгімені айтып берді:

“Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен қарызын алмақшы болады. Бір қызметкер екі жүз мың жылдық жалақыға қарыз екен.

Қызметші бұл қарызын өтей алмағандықтан, патша: “Қарыздарын төлеу үшін, мына кісіні және оның отбасын құлдыққа сатыңдар”, — дейді.

Сонда қызметші патшаның алдына тізерлеп отырды да, былай жалбарына бастады: “Өтінемін, сәл күте тұрыңызшы, мен сізге қарызымның бәрін төлеймін”. Патша қызметшісін аяп кетті. Ол оның барлық қарызын кешіріп, оны босатып жібереді.

Қызметкер далаға шыққанда, оған қарыз болған қызметтес жолдасын кездестіреді. Қарызы төрт айлық жалақыға тең болатын. Қызметкер оны ұстап алып: “Маған қарызыңды дәл қазір қайтар!” — деп талап етті.

Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: “Маған сәл уақыт бере гөр, қарызымның бәрін қайтарамын” — деп жалынды. Бірақ қызметкер оны қарызын төлегенше түрмеге жапқызады.

Болған оқиғаны көрген басқа қызметшілер қатты наразыланды. Олар патшаға барып, болған оқиғаның бәрін айтып береді.

Сонда патша әлгі қызметшіні шақырып алып: “Әй, зұлым қызметші! Сен менен өтінгендіктен мен сенің қарызыңды кешірдім емес пе? Сенің де солай істеуің керек еді ғой!” Сонда қаһарланған патша, қызметшіні қарызын толық өтегенше түрмеге жапқызады.”

Иса былай деді: “Сендер де бауырластарыңды шын жүректен кешірмесеңдер, әрқайсыларыңмен Менің Көктегі Әкем де солай істемек”