unfoldingWord 28 - Аса дәулетті бай жігіт

概要: Matthew 19:16-30; Mark 10:17-31; Luke 18:18-30
文本編號: 1228
語言: Kazakh
聽眾: General
目的: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
狀態: Approved
腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。
文本文字

Сол кезде аса дәулетті бай жігіт Исаға келіп: “Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?” — деген сұрақ қойды. Иса оған: “Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!” — деп жауап берді.

Әлгі жігіт: “Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?” — деп сұрады. Иса: “Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!” және “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” — деді.

Жас жігіт: “Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?” — деді. Иса оған сүйіспеншілікпен қарап:

“Егер кемелді болғың келсе, бар да, барыңды сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтіп келіп, Менің артымнан ер.” — деді.

Исаның сөзін естіген кезде жігіт қатты қапаланып, Оның қасынан кетіп қалады. Себебі ол аса бай болатын және бар байлығынан айырылғысы келмеді.

Сонда Иса шәкірттеріне: “Байлардың Құдай патшалығына кіруі тым қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай.”

Исаның сөзін естіген шәкірттері қатты таңғалып: “Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?” — деп сұрады.

Иса шәкірттеріне қарап, былай деп жауап берді: “Адамдар өздерін құтқара алмайды. Бірақ Құдайға мүмкін емес нәрсе жоқ”

Сонда Петір Исадан: “Біз, шәкірттерің болып, бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз. Сонда біздің сиымыз қандай болмақ?”

Иса былай деп жауап берді: “Маған бола үй-ішін, бауырларын, ата-анасын, бала-шағасы мен дүние-мүлкін тастаған әркім жүз есе артығымен алады. Сонымен бірге ол мәңгілік өмірге ие болады. Алдыңғы қатардағылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады”.