unfoldingWord 15 - Уәделі жер

unfoldingWord 15 - Уәделі жер

概要: Joshua 1-24

文本編號: 1215

語言: Kazakh

聽眾: General

類型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

聖經摘錄: Paraphrase

狀態: Approved

腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。

文本文字

Міне, Исраил халқының Құдай уәде еткен Қанахан жеріне кіретін уақыты келді. Сол жерде Иерихон атты қала болды. Ол мықты қабырғалармен қоршалған болатын. Нұн ұлы Ешуа Иерихонға екі тыңшыны жіберді. Сол қалада Рахаб есімді жезөкше әйел тұратын. Ол тыңшыларды үйінде жасырып, кейін оларға қаладан қашып кетулеріне көмектеседі. Ол исраилдіктердің Құдіретті Құдайларына сенгендіктен солай істеді. Тыңшылар әйелге исраилдіктер Иерихонды талқандаған кезде оның үй-ішін қорғаймыз деп уәде берді.

Уәделі жерге кіру үшін Исраил халқы Иордан өзенін өту керек болды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға: “Ең алдымен діни қызметшілер барсын” — деді. Діни қызметшілер Иордан өзеніне кірген сәтте өзен ағымын тоқтатып исраилдіктер жағаға құрғақ жермен өтіп шықты.

Халық Иордан өзенінен өткеннен кейін Құдай Нұн ұлы Ешуаға ұлы Иерихон қамалына шабуыл жасауға дайын бол деп бұйырды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға діни қызметшілер мен жасақшылар Иерихон қамалын күніне бір рет алты күн бойы айналып жүрсін деді. Діни қызметшілер мен жасақшылар Құдайдың талабын орындады.

Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге жетінші күні қаланы жеті рет айналып шығыңдар дейді. Содан кейін діни қызметшілер керней тартып, халық дауыстап айқалау керек болды. Сонда Иерихон қабырғасы құлап, олар қаланы жаулап алады. Исраилдіктер солай істеді.

Олар Құдайдың бұйрығын орындаған сәтте, Иерихонның қабырғасы құлады! Исраилдіктер Құдайдың бұйырғанындай қаладағының барлығын қырып жойды. Тек кейіннен Исраил халқына қосылған Рахаб пен оның үй-ішін тірі қалдырды. Исраилдіктердің Иерихон қаласын қиратқанын естіген басқа Қанахан халықтары олар бізге де шабуыл жасайды деп қорқа бастады.

Құдай исраилдіктерге Қанахан жерінде тұратын ешқандай халықтармен одақтаспаңдар деген еді. Бірақ Қанахан жерінде тұратын бір халық Нұн ұлы Ешуаны алдады. Олар гибеондықтар болатын. Олар өздерін Қанахан жерінен алыс тұрамыз деп Нұн ұлы Ешуадан одақтас болуын өтінген еді. Нұн ұлы Ешуа мен Исраил халқының басқа да басшылары Құдайдың еркін сұрамай гибеондықтармен одақтас болады.

Үш күннен кейін исраилдіктер гибеондықтардың шын мәнінде Қанахан жерінде тұратынын естіді. Олар гибеондықтарға алдап кеткендері үшін қатты ашуланды. Дегенмен исраилдіктер олармен жасасқан бейбітшілік келісімін бұзбады, өйткені олар Құдайдың алдында уәде берген болатын. Біраз уақыттан кейін Қанахан жерінде тұратын аморлық патшалар гибеондықтардың Исраил халқымен одақ құрғанын естіді. Аморлық патшалар әскерлерін біріктіріп, Гибеон қаласына шабуыл жасамақ болды. Сол уақытта Гибеон тұрғындары Нұн ұлы Ешуадан көмек сұрады.

Нұн ұлы Ешуа Исраил әскерін жинады. Олар түні бойы Гибеон қаласына жүріп отырды. Таңертең аморлықтарға күтпеген жерден шабуыл жасады.

Сол күні Құдай исраилдіктер үшін соғысты. Құдай аморлықтарды әбігерге түсіріп, аспаннан үлкен бұршақ жаудырғандықтан олардың көбі қаза тапты.

Сонымен қатар исраилдіктерде аморлықтарды толықтай жеңуге жеткілікті уақыт болу үшін Құдай аспанда күнді тоқтатып қойды. Сол күні Құдай Исраил халқына ұлы жеңіс сыйлады.

Құдай осы әскерлерді талқандағаннан кейін, Исраил халқына шабуыл жасау үшін, көптеген басқа да Қанахан халықтары бірікті. Бірақ Нұн ұлы Ешуа басқарған исраилдіктер оларға шабуыл жасап қырып жойды.

Осы шайқастан кейін Құдай Исраил халқының әрбір руына уәде еткен жерден өз үлестерін бөліп беріп, Исраил халқына айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады.

Нұн ұлы Ешуа қартайғанда, бүкіл Исраил халқын шақырды. Ол исраилдіктерге Құдаймен Синай тауында бекіткен келісімді орындаймыз деген уәделерін естеріне салды. Халық Құдай алдында сенімді болып, Оның өсиеттерін орындауға уәде берді.

相關信息

生命之道 - 環球錄音網擁有用數以千計的語言去錄製的福音信息,內容包括一些有關救恩和基督徒樣式的聖經信息。

免費下載 - 免費下載傳教及發展教會組織所用的錄音、圖片、文本和其他相關資料。內容包括聖經故事與傳教課程,并已被翻譯成上千種語言。

環球錄音網音頻圖書館 - 提供mp3,CD和磁帶形式的傳播福音和基本的宣教材料,適宜人們的需要和文化。錄音材料的形式多樣,包括簡單的聖經故事,福音信息,經文朗誦和歌曲。

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons

Choosing the right audio or video format - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?