unfoldingWord 03 - Топан су

unfoldingWord 03 - Топан су

概要: Genesis 6-8

文本編號: 1203

語言: Kazakh

主題: Eternal life (Salvation); Living as a Christian (Obedience); Sin and Satan (Judgement)

聽眾: General

目的: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

狀態: Approved

腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。

文本文字

Көп жыл өтіп, жер беті адамдарға толады. Олар зұлым және қатыгез болды. Адамдардың бұзылғандары соншалық, Құдай оларды жер бетінен топан су арқылы құртпақ болады.

Барлық адамдардың ішінде тек Нұх қана Құдайдың көңілінен шықты, себебі күнәкар адамдардың ішінде ол ғана әділ адам болатын. Құдай оған Өзінің топан су арқылы адамдары құртатын шешімін айтып, кеме тұрғызуын бұйырады.

Бұл үлкен ағаштан жасалған ұзындығы 140 метр, ені 23 метр, биіктігі 13,5 метр, үш деңгейлі, көп бөлімді, шатыры мен терезесі бар кеме. Нұх пен оның отбасысы және жануарлар осы кеме арқылы құтқарылулары керек еді.

Нұх Құдайды тыңдап, ұлдарымен кемені Құдай қалағандай тұрғызды. Кеме ұзақ тұрғызылды, себебі тым үлкен еді.

Құдай Нұхқа өзінің отбасына, бүкіл аңдар мен құстарға жететіндей тамақ қорын кемеге алып кірсін деп бұйырды. Барлығы дайын болғанда, Құдай Нұхқа үй ішіңмен кемеге кір деді. Нұх өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен 8 адам болып кемеге кірді.

Олар топан судан құтқарылу үшін Құдай Нұхқа аңдар мен құстардың әр түрінен және құрбандық шалуға болатын жеті еркек пен жеті ұрғашы жануарларды кемеге алып кіруін бұйырды. Барлығы кемеге кірген соң Құдай арттарынан есікті Өзі бекітті.

Содан соң жаңбыр құйып жауа бастады. Жаңбыр қырық күн, қырық түн тоқтамай жауды. Су жер астынан атқылап жатты. Топан судың жер бетінде көтерілгені соншалықты, тіпті ең биік тау шыңдары да көрінбей қалды.

Жер бетіндегі барлық адамдар мен малдар қырылып жойылды, тек кемеге кірген жандар ғана топан судан құтқарылып аман қалды.

Жаңбыр тоқтағаннан кейін кеме бес ай бойы судың бетінде жүзіп жүрді. Су ақырындап тартыла бастады. Жерді су басып тұрса да, бір күні кеме таудың үстіне тоқтады. Үш айдан кейін таудың шыңдары көріне бастады.

Тағы қырық күн өткеннен кейін Нұх жердің кепкенін білу үшін қарғаны жібереді. Қарға құрғақ жер іздеп, айналада ұшып жүрді, бірақ қонатын жер таба алмады.

Содан кейін Нұх көгершінді ұшырады, бірақ ол да қонатын жер таппай қайтадан Нұхқа ұшып келеді. Арада жеті күн өткізіп Нұх қайтадан көгершінді ұшырады, ал ол тұмсығына зәйтүн ағашының жапырағын қыстырып алып келеді. Жер бетінде су құрғап, өсімдіктер қайтадан өсе бастаған еді!

Нұх тағы жеті күн күткеннен кейін көгершінді үшінші рет жібереді. Осы жолы көгершін өзіне қонатын орын тауып алғандақтан қайтадан ұшып келмеді. Жер құрғап жатты!

Екі айдан кейін Құдай Нұхқа былай деді: “Енді сен отбасыңмен, барлық жануарлармен кемеден түссең болады. Балаларың мен немерелерің көп болсын! Жер бетін толтырыңдар!” Содан кейін Нұх отбасымен кемеден шықты.

Жерге түскеннен кейін Нұх құрбандық шалатын орын жасады. Ол құрбандық шалуға жарайтын жануарлардың әр түрінен бірнеше жануарды таңдап құрбандыққа шалды. Құдай бұл құрбандыққа риза болды және Нұх пен оның отбасына оң батасын берді.

Құдай тағы былай деді: “Адамдар бала кезінен күнәға бейім болса да, енді ешқашан жерді топан сумен құртпаймын және олардың зұлым істеріне бола,адамдарды қарғамауға уәйде беремін”.

Құдай уәсенің белгісі ретінде кемпірқосақ орнатты. Ол, аспанда кемпірқосақ шыққан сайын енді Жерді топан сумен жазаламаймын деген уәдесін есіне түсіреді.

相關信息

生命之道 - 環球錄音網擁有用數以千計的語言去錄製的福音信息,內容包括一些有關救恩和基督徒樣式的聖經信息。

免費下載 - 免費下載傳教及發展教會組織所用的錄音、圖片、文本和其他相關資料。內容包括聖經故事與傳教課程,并已被翻譯成上千種語言。

環球錄音網音頻圖書館 - 提供mp3,CD和磁帶形式的傳播福音和基本的宣教材料,適宜人們的需要和文化。錄音材料的形式多樣,包括簡單的聖經故事,福音信息,經文朗誦和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons