unfoldingWord 18 - Бөлінген патшалық

概要: 1 Kings 1-6; 11-12
文本編號: 1218
語言: Kazakh
聽眾: General
目的: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
狀態: Approved
腳本是翻譯和錄製成其他語言的基本指南,它們需要根據實際需要而進行調整以適合不同的文化和語言。某些使用術語和概念可能需要有更多的解釋,甚至要完全更換或省略。
文本文字

Дәуіт патша 40 жыл бойы билік құрды. Ол дүниеден озғаннан кейін Исраилді оның ұлы Сүлеймен басқарды. Құдай Сүлейменге келіп, осы дүниеде саған не бергенімді қалайсың деді? Сүлеймен Құдайдан халықты басқаратын даналық сұрады. Құдайға бұл ұнап, оны әлемдегі ең дана адам етті. Сонымен қатар Құдай Сүлейменді дана билеуші етіп, оған көп байлық сыйлады.

Иерусалимде Сүлеймен әкесі Дәуіт салғысы келген ғибадатхана тұрғызды. Оны Дәуіт көзі тірісінде тұрғызамын деп, тіпті керек жабдықтарды да жинап қойған болатын. Енді халық Құдайға Киелі шатырда емес, ғибадатханада сиынып, сол жерде Құдайға құрбандық шалатын болды. Құдай киелі үйде Исраил халқымен бірге болды.

Сүлеймен патша қанша дана болғанымен ол Құдайды тыңдамады. Құдай бөтен елден әйел алмаңдар, олармен некелеспеңдер десе де, ол басқа халықтардан әйел алды. Сол әйелдер өздерімен бірге жалған құдайларын ала келіп, оған сиынатын. Сүлеймен де қартайған шағында сол құдайларға сиына бастады.

Құдай осы істері үшін Сүлейменге ашуланып, оның өлімінен кейін Исраил халқын екі патшалыққа бөліп жазалайтынын айтады.

Сүлеймен қайтыс болған соң, оның ұлы Рохабоғам патша болды. Бүкіл Исраил халқы оның патшалығын мойындау үшін жиналды. Сонда халық Рохабоғамға Сүлеймен халыққа ауыр жұмыс істетіп, көп салық салғанын айтып шағымданады. Олар Рохабоғамнан жұмыстарын жеңілдетуін сұрайды.

Бірақ Рохабоғам оларға: “Әкем Сүлеймен сендерге ауыр жұмыс істетіп қоятын дейсіңдер. Ал мен әкеме қарағанда сендердің жұмыстарыңды ауырлатып, жазаларыңды одан бетер қиындатамын!” — деп ақымақтықпен жауап қайтарды.

Халық осы сөздерді естіген кезде, көпшілігі Рохабоғамға қарсы шықты. Исраилдің он руы Рохабоғамның патшалығында қалғысы келмеді және оны патша ретінде мойындаудан бас тартты. Рохабоғаммен тек екі ру ғана қалды, олар Яһуда немесе Яһудея патшалығы деп аталатын.

Қалған он ру өздеріне Еробоғам есімді адамды патша етіп тағайындап алды. Осы он ру мемлекеттің солтүстік жағында өмір сүрді. Олар Исраил патшалығы деп аталатын.

Исраил патшасы, Еробоғам жаман патша болып шықты. Ол Құдайға мойынсұнбай халықты күнә жасауға ?көндірді. Еробоғам өз халқы үшін табынатын екі жалған тәңірді орнатып қойды. Енді халық Яһудея аймағында орналасқан Иерусалимге бармай, киелі үйде Құдайға сиынбайтын болды.

Яһудея мен Исраил әрдайым бір-бірімен жауласып, соғысып жүрді.

Жаңа Исраил елінің патшаларының барлығы жаман билеушілер болатын. Басқа исраилдіктер олардың орындарын басып патша болу үшін олардың көбін өлтірген еді.

Патшалар мен Исраил халқының тұрғындарының көбі жалған тәңірлерге сиынатын. Табыну кезінде олар көбіне азғындыққа салынып, тіпті құрбандыққа өздерінің балаларын әкелетін.

Яһуда патшалары Дәуіттің ұрпақтары еді. Олардың көбі жақсы адамдар болған, әділ билік құрып Құдайға табынатын. Яһуда патшаларының көпшілігі жалған құдайларға табынатын жаман билеушілер болған еді. Сол патшалардың көбі жалған құдайларға өз балаларын құрбандыққа әкелетін. Яһуда елінің көптеген тұрғындары да Құдайға қарсы шығып, жалған құдайларға табынатын.