unfoldingWord 48 - Иса — Ол уәде етілген Мәсіх

unfoldingWord 48 - Иса — Ол уәде етілген Мәсіх

概要: Genesis 1-3, 6, 14, 22; Exodus 12, 20; 2 Samuel 7; Hebrews 3:1-6, 4:14-5:10, 7:1-8:13, 9:11-10:18; Revelation 21

文本编号: 1248

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Құдай осы әлемді жаратқан кезде барлығы кемелді болды. Күнә болмады. Адам ата мен Хауа ана Құдайды сүйетін және бір-бірін де сүйетін. Жер бетінде ауру да, өлім де болмайтын. Құдай әлемді осылай жоспарлаған болатын.

Бірақ шайтан жылан кейпінде келіп, Хауа ананы алдады. Соның нәтижесінде Адам ата мен Хауа ана Құдайға қарсы күнә жасады. Олар күнә жасағандықтан жер бетінде өлім пайда болып, енді адамдар өлім құшатын болды.

Осы күнәнің кесірінен Адам ата мен Хауа ана Оның еркіне бағынғысы келмей, Құдайдың жауына айналды. Сол уақыттан бастап әрбір адам Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы болғандықтан күнәһар болып туылады. Ол Құдайға және Оның еркіне қарсы. Адамдар мен Құдайдың арасында татулық жоғалды. Бірақ Құдай адамдармен әуел баста болған қарым — қатынасты әрдайым қайтарғысы келіп жүрді.

Құдай Хауа ананың ұрпағы шайтанның басын мыжиды, ал шайтан Оның өкшесін шағады деп, уәде еткен болатын. Бұл шайтан Мәсіхті өлтіреді, ал Құдай Оны қайта өлімнен тірілтеді дегенді білдіретін. Осылайша Мәсіх шайтанның билігін түбегейлі жояды. Көп жылдардан кейін Құдай уәде етілген Мәсіхті жіберді. Осы Мәсіх — Иса болатын.

Исаның туылуынан көп уақыт бұрын Құдай жерге топан су жіберуді жоспарлаған еді. Сондықтан Нұх пен оның отбасы құтқарылулары үшін кеме тұрғызуды бұйырды. Құдай күнәкар адамдарды топан сумен жойып, жазалағысы келді. Нұх Құдайға сеніп, кеме тұрғызды. Тек Нұх пен оның отбасы аман қалды. Бүгін де солай — әрбір адам күнәкар және Құдайға қарсы болғандықтан өлуге лайық. Оған сенген әркімді құтқару үшін, Құдай Исаны жіберді.

Жүздеген жылдар бойы діни қызметкерлер күнәлардан тазарту үшін Құдайға құрбандық шалды. Құрбандық шалу адамдарға күнә жасағандарын және Құдайдың жазасына лайық екенін түсінуге көмектесті. Бірақ құрбандық адамдарды күнәдан біржола босата алмады. Иса діни қызметкерлердің қолынан келмейтін нәрсені жүзеге асырды. Ол Өз өмірін берді және әр адамның күнәсін түбегейлі жоятын жалғыз құрбандық болды. Біздің күнәларымыз үшін тартатын жазаны Иса Өз мойнына алды. Демек, Иса — Ұлы Бас діни қызметкер.

Ыбырайым жер бетінде өмір сүрген кезде Құдай оған: “Мен жер бетіндегі барлық халықтарды сен арқылы жарылқаймын”, — деді. Иса Ыбырайымның ұрпағы болды. Ал бүгінде адамдар Исаға сенгенде, Құдай Ыбырайым арқылы барлық ұлттарға батасын береді. Құдай оларды күнәнің жазасынан құтқарып, Ыбырайымның рухани ұрпақтары деп санайды.

Бір күні Құдай Ыбрайымға өзінің ұлын құрбандыққа әкелсін деп бұйрық берген еді. Ыбырайымның мойынсұнғанын көріп, Құдай құрбандық ретінде Ысқақтың орнына қошқарды береді. Біз өзіміздің күнәларымыз үшін өлуге тиіспіз, бірақ Құдай біз үшін құрбан болуға Өзінің жалғыз Ұлын жіберді. Сондықтан біз Исаны Құдайдың Тоқтысы деп атаймыз.

Құдай Мысырға соңғы жазаны жіберген кезде, әрбір исраилдік отбасыға тоқтыны құрбандыққа шалсын деп бұйырған еді. Осылай исраилдіктер Мысырға жіберілген жазадан құтқарылды. Құрбандыққа шалынған тоқты мінсіз болуы керек еді. Яһудилер сол тоқтының қанымен үйлерінің маңдайшаларын жағу керек еді. Құдай сол қанды көрген кезде оларды жазаламай қастарынан өтіп кететін. Құдай осыны Құтқарылу мейрамы деп атады.

Иса ешқашан күнә жасамаған, әрі еш кінәсіз болған еді. Ол Құтқарылу мейрамында құрбандыққа шалынған тоқтыға ұқсас. Адам Құдайға сене бастағанда, Исаның қаны сол адамның күнәларының өтеміне айналады да, солай Құдай оны жазаламайды. Құдай осы адамның жазаларын Өз мойнына алады.

Құдай исраилдіктерді Өзінің меншікті халқы ретінде таңдап алғандықтан олармен келісім жасасты. Енді Құдай бүкіл халықтарға қол жетімді Жаңа Өсиет бекітті. Енді Жаңа Өсиетті қабылдаған кез келген адам Құдайдың халқына қосылады. Бұл Мәсіхке деген сенімнің арқасында іске асады.

Мұса Құдайдың Сөзін асқан батылдықпен уағыздаған ұлы пайғамбар болды. Бірақ Иса — басқа пайғамбарлардан да ұлы. Ол — Құдай, сондықтан Оның әрекеттері мен айтқан сөздері, Құдайдың істері мен Сөздері болып табылады. Міне сондықтан Киелі кітапта Исаны Құдайдың Сөзі дейді.

Құдай Дәуіт патшаға оның ұрпағының Біреуі Құдайдың халқын мәңгі басқаратын болады деп уәде етті. Иса сол Дәуіттің ұрпағы. Ол Құдайдың Ұлы және мәңгі билік жүргізетін Мәсіх.

Дәуіт Исраил халқының патшасы болды, ал Иса — бүкіл Әлемнің Патшасы! Ол қайта келіп Өз Патшалығында татулықпен және әділдікпен мәңгі билік құрады.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons