unfoldingWord 35 - Жоғалған ұл туралы әңгіме

unfoldingWord 35 - Жоғалған ұл туралы әңгіме

概要: Luke 15

文本编号: 1235

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Бір күні Иса Оны тыңдауға жиналған халыққа тәлім беріп отырды. Олардың арасында Мұсаның заңын орындамағандықтан күнәкар деп саналатын салықшылар мен өзге де адамдар бар еді.

Парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаның олармен дос сияқты сөйлескенін көрді. Сонда олар бір-біріне: “Мына кісі дұрыс істеп жатқан жоқ, ол күнәкарлармен қарым-қатынас жасап, солармен тіпті дастарқандас болады!” — деп күңкілдесті. Сонда Иса олардың айтқандарын естіп, мына әңгімені айтып берді:

“Біреудің екі ұлы болыпты. Бір күні кенже ұлы әкесіне: “Әке, маған тиісті еншімді дәл қазыр бөліп беріңізші!” — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді.

Көп уақыт өтпей кіші ұл бар еншісін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, бар ақшасын ысырап қылады.

Көп ұзамай бұл елде қатты ашаршылық басталып, оның тіпті тамақ алатын ақшасы да қалмады. Сондықтан ол шошқа бағуға жалданды. Ол бұдан басқа жұмыс таба алмады. Оның аш болғаны сонша, тіпті шошқаның жемін жесем деп армандағанымен, оған оны да жеуге рұқсат етпеді.

Ақырында кенже ұлы өзіне: “Мен не істеп жүрмін? Әкемнің көп қызметшілері бар және олардың қарындары тоқ, ал мен болсам мұнда аштан өлейін деп жатырмын. Әкеме оралып, оның қызметшісі болуға сұранайын.” — деді.

Кенже ұлы әкесінің үйіне оралды. Ол әлі алыста келе жатқанда әкесі оны көріп аяп кетті. Баласына қарай жүгіріп барып құшақтап, сүйді.

Сонда ұлы: “Әке, мен Құдайға және сізге қарсы күнә жасадым. Енді сіздің ұлыңыз деп атануға лайықты емеспін” — деді.

Бірақ әкесі қызметшілерінің біреуіне былай деді: “Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер. Кейін бордақыланған өгізшені сойыңдар. Көңіл көтеріп тойлайық, өйткені менің ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды.”

Сөйтіп олар тойлай бастады. Көп ұзамай үлкен ұлы егіндікте жұмыс істеп, үйге келеді. Қуана ән салып, билеп жатқан адамдардың дауыстарын естиді де, қызметшілердің біреуін шақырып алып не болып жатқанын сұрайды.

Үлкен ұлы інісінің оралғанына той жасалып жатқанын естіп, қатты ашуланып, үйге кіргісі келмеді. Әкесінің өзі шығып оны бірге тойлауға шақырды,бірақ үлкен ұлы ренжіп кірмей қояды.

Үлкен ұлы әкесіне: “Мен сізге көп жыл бойы адал қызмет етіп келдім. Әрқашан айтқаныңызды орындап келдім, бірақ достарыммен көңіл көтеру үшін сіз маған тіпті кішкентай лақты та бермедіңіз. Ал мына балаңыз болса азғындық жолға салынып, ақшаңызды ысырап қылды. Қайтып келгенде сіз оған бола бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатырсыз!”

Сонда әкесі былай жауап берді: “Балам, сен әрқашан менімен біргесің, мендегі дүниенің барлығы сенікі ғой. Той жасап жатқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Өйткені інің өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды!””

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons