unfoldingWord 32 - Исаның жын соққан адам мен ауру әйелді сауықтыруы

unfoldingWord 32 - Исаның жын соққан адам мен ауру әйелді сауықтыруы

概要: Matthew 8:28-34; 9:20-22; Mark 5; Luke 8:26-48

文本编号: 1232

语言: Kazakh

听众: General

目的: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Иса шәкірттерімен бірге Гераса халқы тұратын өңірге қайықпен жүзіп кетті. Олар жағалауға жетіп, қайықтан түсті.

Сол жерде жын соққан бір кісі тұратын.

Оның мықты болғаны соншалық ешкім де оны бағындыра алмады. Адамдар талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен бұғаулап тастаса да, ол оларды сындырып тастайтын.

Осы адам қабірлердің арасында тұратын. Күні-түні айқайлап, киім-кешек кимей, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.

Ол Исаға жүгіріп барып, Оның алдында тізерлеп отырды. Әлгі адамның ішіндегі жын қатты дауыспен айқайлап: “Ей, Құдай Ұлы Иса, менде нең бар? Өтінемін, қинай көрмеші мені!”

Иса жынға: “Шық бұл адамнан!” — деді. Содан кейін Иса жыннан: “Атың кім?” — деп сұрады. Ол: “Менің атым үлкен топ, өйткені біз көппіз”, — деп жауап берді.

Жындар Исадан: “Өтінемін, бізді осы жерден қума!” – деп сұрай бастады. Жақын маңайдағы төбеде бір топ шошқа жайылып жүр екен. Жындар Исадан: “Өтінемін, бізді сол шошқаларға жіберші!” — деп сұрады. Иса оларға мұны істеуге рұқсат берді.

Ол жерде екі мыңға жуық шошқа болған. Жындар адамды тастап, шошқалардың ішіне кірді. Олар тік жардан көлге құлап, суға батып кетті.

Шошқаларды бағып жүрген бақташылар мұны көргеннен кейін қалаға жүгіріп барып, Исаның істегендерінің барлығын халыққа айтып береді. Қала тұрғындары жындарынан арылған адамды көреді. Ол ақыл есі кіріп, киініп, сап-сау болып отыр екен.

Адамдар зәрелері ұшып, Исаға: “Біздің жерімізден кетіңіз” — деп өтінді. Сондықтан Иса қайыққа отырды, ал жындарынан арылған кісі Исадан Онымен бірге баруына рұқсат сұрады.

Бірақ Иса оған: “Жоқ, үйіңе қайт, Құдайдың өзіңе не істегенін айтып бар. Құдайдың саған төккен мейірімін бәріне жеткізгеніңді қалаймын” — деді.

Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін барлығына айтып жүрді. Осы оқиғаны естігендердің әрқайсысы қайран қалды.

Сол уақытта Иса көлдің арғы бетіне өтеді. Сол жерде Оны бір топ адам күтіп тұрған еді. Адамдардың көп болғаны соншалық, халық Исаны жан жақтан қаумалап қыспақтап тұрды. Осы топтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырған бір әйел болды. Ол дәрігерлерге бар қаражатын жұмсаса да ауруынан сауыға алмай, керісінше жағдайы одан бетер наршарлай берді.

Исаның көптеген ауруларды емдегенін естігенде ол: “Исаның киіміне қолымды тигізсем болды, емделетініме нық сенемін!” — деп ойлады. Сондықтан ол Исаның арт жағына келіп Оның киімінің шетіне қолын тигізді. Ол қолын тигізген сәтте-ақ қан кетуі тоқтады.

Сол сәтте Иса Өзінен күш шыққанын сезді. Ол бұрылып: “Маған қолын тигізген кім?” — деп сұрады. Сонда шәкірттері: “Айналаңызда қалың жұрт. Олар сізді қаумалап қыспақтап тұр. “Кім маған қолын тигізді” — деп сұрағаныңыз қалай?”

Сонда әйел Исаның аяғына жығылып, қорыққаннан қалтырап, Оған не болғанын, қалай емделгенін айтып берді. Иса оған былай жауап берді: “Сеніміңе бола емделдің. Аман-есен қайта бер.”

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons