unfoldingWord 20 - Жер аударылу және қайта оралу

unfoldingWord 20 - Жер аударылу және қайта оралу

概要: 2 Kings 17; 24-25; 2 Chronicles 36; Ezra 1-10; Nehemiah 1-13

文本编号: 1220

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Исраил мен Яһудея патшалықтары Құдайға қарсы күнә жасап жүрді. Олар Синай тауында Құдаймен жасаған келісіміндерін бұзды. Құдай оларды тәубеге келсін және өзіне қайтадан сиына бастасын деп бірнеше рет пайғамбарларын жіберсе де, олар Оған құлақ асудан бас тартты.

Құдай осы екі патшалықты мойынсұнбағандары үшін жазалап, жауларына оларды құртып отыруға мүмкіндік беріп отырды. Сол уақытта Ассур мықты мемлекеттердің бірі болған еді. Ассурлықтар басқа халықтарға қаталдықпен өктемдік жүргізетін. Олар Исраил мемлекетіне шабуыл жасап, оны жаулап алды. Ассурлықтар Исраил патшалығындағы көптеген адамдарды өлтіріп, байлықтарын тонап алып кетті және мемлекеттің біраз бөлігін өртеп жіберді.

Сонымен қатар ассурлықтар барлық басшыларды, қолөнершілерді және байларды Ассур жеріне алып кетті. Исраилде тек өте кедей адамдар ғана қалды.

Содан кейін ассурлықтар бұрын Исраил патшалығы болған жерге басқа халықтарды көшіріп алып келді. Осы халықтар қираған қалаларды қайтадан тұрғызды. Олар сол жерде қалған исраилдіктермен неке құра бастады. Басқа халықтармен некелескен исраилдіктердің ұрпақтары самариялықтар деп аталды.

Яхуда елінің тұрғындары Құдайдың Өзіне деген сенімсіздіктері мен мойынсұнбаушылықтарына бола Исраил тұрғындарын жазалағанын көрді. Бірақ сонда да олар жалған тәңірлер мен Қанаханның құдайларына табынуларын тоқтатпады. Құдай оларға ескерту ретінде пайғамдарларды жіберді, бірақ олар тыңдаудан бас тартты.

Ассурлықтар Исраилді қиратқанына шамамен 100 жыл өткеннен кейін, Құдай Яһуда еліне Бабыл патшасы Набуходоносорды жібереді. Сол уақыттары Бабыл қуатты империя болатын. Сонда Исраил патшасы Набуходоносордың қызметшісі болып, жыл сайын оған алым-салық төлеп тұру керек болды.

Бірақ бірнеше жылдардан кейін Яһуда елінің патшасы Бабылға қарсы бас көтереді. Сонда бабылдықтар қайтып келіп, Яһуда еліне шабуыл жасады. Олар Иерусалимді басып алып, ғибадатхананы қиратып, қала мен ғибадатханадағы барлық қазыналарды алып кетеді.

Бас көтергені үшін Набуходоносор әскері Яһуда патшаның көз алдында оның балаларын өлтіріп, кейін өзінің көздерін ойып жазалайды. Олар патшаны Бабылға алып кетеді, сол жерде ол түрмеде қайтыс болады.

Набуходоносор мен оның әскері тек кедей адамдарды ғана жерді өңдеуге қалдырып, Яһуда тұрғындарының көбін Бабылға алып кетеді. Құдай халқы уәделі жерден тыс жақта өмір сүрген кезең Бабылға жер аударылу кезеңі деп аталды.

Халықты күнәлары үшін жазалап, құлдықта болуға жол бергеніне қарамастан, Құдай Өз халқын естен шығармай, уәдесін ұмытпаған еді. Құдай ары қарай Өз халқына қамқорлық көрсетіп, пайғамбарлары арқылы сөйлеп отырды. Жетпіс жылдан кейін исраилдіктер уәделі жерге қайта оралады деп Құдай уәде берді.

Парсы елінің патшасы Кир шамасы жетпіс жылдан кейін Бабылды талқандап тастады. Енді Бабыл империясының орнына көптеген халықтардың үстінен Парсы империясы билік жүргізді. Сол кездері исраилдіктерді яһудилер деп атайтын. Олардың көпшілігі өмір бойы Бабылда тұрған еді. Елін, жерін ұмытпаған бірнеше ғана яһуди ақсақалдары қалған еді.

Парсы империясы мықты болса да, бағындырып алған халықтарға мейірімділікпен қарады. Көп ұзамай Кир Парсы елінің патшасы болып тағайындалғаннан кейін, ол бүкіл яһудилерге Парсы елінен Яһуди жеріне қайтуларына рұқсат беретін жарлық шығарды. Ол тіпті киелі үй тұрғызуға қажеттінің бәрін берді! Осылай жетпіс жылдық құлдықтан кейін бір топ яһудилер Иерусалим қаласына қайтып оралады.

Адамдар Иерусалимге оралғаннан кейін киелі үйді қайта тұрғызып, қаланың айналасындағы қабырғаларды көтерді. Яһудилер әлі де Парсы еліне бағынса да, олар уәделі жерде тұрып, киелі үйде Құдайға құлшылық ете алды.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons