unfoldingWord 14 - Шөл даланы кезу

unfoldingWord 14 - Шөл даланы кезу

概要: Exodus 16-17; Numbers 10-14; 20; 27; Deuteronomy 34

文本编号: 1214

语言: Kazakh

听众: General

目的: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Құдай исраилдіктермен жасаған келісіміне сай, орындау керек барлық заңдарды бергеннен кейін, оларды Синай тауынан түсірді. Құдай олардың алдында бұлтты бағана болып жүрді, ал халық Оның соңынан ерді. Ол халықты уәде еткен Қанахан еліне апармақ болды.

Құдай Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың ұрпақтарына уәделі жерді беремін деп уәде еткен еді. Бірақ сол жерде көптеген басқа ұлттар тұратын. Оларды қанахандықтар деп атайтын. Қанахандықтар Құдайға сиынбады және Оған мойынсұнбады. Олар жалған тәңірлерге табынып, көптеген зұлым іс-әрекеттер жасады.

Құдай исраилдіктерге: “Уәделі жерге кіргенде бүкіл қанахандықтардың көзін құртыңдар. Олармен одақтаспаңдар және неке құрмаңдар. Сендер олардың жалған тәңірлерін жою керексіңдер. Егер Менің айтқанымды бұлжытпай орындамасаңдар, онда Маған емес, олардың жалған құдайларына сиына бастайсыңдар” — деді.

Исраилдіктер Қанаханның шекарасына жақындап келгенде, Мұса Исраилдің әр руынан бір-бірден он екі ер адамды таңдап алды. Оларды сол жердің қандай екенін білу үшін барлап келуге жіберді. Сонымен қатар олар қанахандықтардың әскери күшін біліп келулері керек еді.

Он екі ер адам Қанахан жерін қырық күн барлап қайта оралады. Сонда олар халыққа келіп: “Ол жер шыныменде жақсы, өнімі мол жер екен!” — дейді. Бірақ олардың ішіндегі он барлаушы: “Олардың қалалары өте берік салынған және онда алып адамдар тұрады екен! Егер біз оларға шабуыл жасасақ, қырылып қаламыз” — деді.

Басқа екі барлаушы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа былай дейді: “Иә, рас! Қанахандықтар алып әрі мықты, бірақ біз оларды жеңе аламыз! Құдай біз үшін шайқасады.” — деді.

Бірақ халық Халеп пен Нұн ұлы Ешуаны тыңдамады. Олар Мұса мен Һаронға: “Сендер неге бізді осы қауіпті жерге алып келдіңдер? Одан да біздің Мысыр жерінде қалғанымыз жақсы еді. Біз олардың жеріне басып кірсек, соғыста құримыз, ал әйелдеріміз бен балаларымыз қанахандықтарға құл болмақ” — деп ашуланды. Олар өздеріне Мысыр жеріне қайта алып баратын жаңа басшыны тағайындағылары келді.

Құдай халықтың айтқандарын естіп, қатты ашуланды. Ол Киелі шатырға келіп: “Маған қарсы шыққандарың үшін сендер шөл даланы кезіп жүретін боласыңдар. Жиырма жастан асқандардың барлығы осында өліп, ешқайсысы Мен уәде еткен жерге кіре алмайды. Тек Халеп пен Нұн ұлы Ешуа ғана кіреді.” — дейді.

Адамдар Құдайдың сөзін естігенде күнә жасағандарына қатты өкінді. Солай олар Қанахан тұрғындарына қарсы соғысуға шешім қабылдады. Мұса қанахандықтармен соғыспаңдар, Құдай сендермен бірге бармайды деп ескерткен еді, бірақ олар Мұсаны тыңдамады.

Құдай бұл соғысқа исраилдіктермен бірге бармағандықтан қанахандықтар оларды талқандап, көбін өлтірді. Сонда олар Қанахан жерінен шегініп, шөл даланы қырық жыл бойы кезіп жүрді.

Шөл далада жүрген қырық жылдың ішінде Құдай оларды қамқорлап жүрді. Оларға “ман һу” деген нанды аспаннан жаудырып отырды. Киімдері мен аяқ киімдерін де Құдай сақтап отырғандықтан олар еш тозбады.

Құдай керемет жолмен оларға жартастан су ағызды. Бірақ осының бәріне қарамастан исраилдіктер Құдайға және Мұсаға шағымданып, күңкілдей берді. Ал Құдай болса, Өз уәдесіне сенімді болып қала берді. Құдай Өз уәдесіне сай Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың ұрпақтарын қамтамасыз етіп жүрді.

Бірде халықта ішетін суы бітіп қалады. Сонда Құдай Мұсаға: “Мына жартасқа су ақсын деп бұйыр” — дейді. Бірақ Мұса бүкіл халықтың алдында Құдайға мойынсұнбады. Ол жартасқа су ақсын деп бұйырудың орнына қолындағы таяғымен екі рет ұрып қалады. Сонда жартастан су ағып, бүкіл халық шөлін қандырады. Бірақ Құдай Мұсаның мойынсұнбағанына ашуланып былай дейді: “Сен Мені тыңдамағаның үшін мен уәде еткен жерге кірмейсің”.

Қырық жыл шөл даланы кезіп жүргеннен кейін, Құдайға қарсы шыққан адамдардың барлығы өлді. Сонда Құдай халықты уәделі жердің шекарасына қайтадан әкелді. Мұса қартайған еді, сонда Құдай халық басшысы қылып Нұн ұлы Ешуаны тағайындайды. Құдай Мұсаға: “Бір күні мен адамдарға өзіңе ұқсас пайғамбарды жіберемін” — деп уәде етті.

Құдай Мұсаға уәде еткен жерді көрсету үшін таудың басына шықсын деп бұйырады. Мұса уәде еткен жерді көрді, бірақ Құдай оған сол жерге кіруге рұқсат бермеді. Содан кейін Мұса қайтыс болып, исраилдіктер оны отыз күн бойы жылап жоқтайды. Нұн ұлы Ешуа халықтың жаңа басшысы болып тағайындалады. Ол Құдайға сенгендіктен және Оған мойынсұнғандықтан халықты жақсы басқарды.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons