unfoldingWord 43 - Қауымның пайда болуы

unfoldingWord 43 - Қауымның пайда болуы

概要: Acts 1:12-14; 2

文本编号: 1243

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Иса көкке оралғаннан кейін шәкірттері Исаның бұйрығымен Иерусалимде қалды. Олар мінәжат ету үшін әрдайым бірге жиналып жүретін.

Яһудилер жыл сайын Құтқарылу мейрамынан елу күн өткеннен кейін Елуінші күн деп аталатын алғашқы өнім мейрамын өткізетін. Бірге тойлау үшін бүкіл әлемдегі яһудилер Иерусалимде жиналатын. “Елуінші күн” мейрамы Иса көкке оралғаннан бір аптадай уақыт өткеннен кейін болды.

Елуінші күн мейрамы келгенде, сенушілердің бәрі бірге болды. Кенеттен көктен бір қатты жел соққандай шу естіліп, олар отырған бүкіл үйді алып кетті. Сонда олардың бастарының үстінде жалындай жалаңдаған тілдер көрінді. Барлық сенушілер Киелі Рухқа кенеліп, Құдайды басқа тілдерде мадақтай бастады. Олар осы тілдерді білмейтін, бірақ Киелі Рухтың өздеріне берген дарындарына сәйкес бөтен тілдерде сөйледі.

Осы шуды Ирусалимдегі адамдар естігенде көптеген халық сол жерге жиналды. Барлығы не болып жатқанын көргісі келді. Жиналғандар әртүрлі елдерден келгендіктен әртүрлі тілдерде сөйлейтін, ал Исаның шәкірттері Ғалилеядан келгендіктен тек арамей және грек тілдерінде ғана сөйлей алатын. Бірақ бұл күні Исаның шәкірттері әртүрлі тілдерде сөйлегендіктен адамдар қатты таң қалды, өйткені жиналғандардың әрқайсысы Құдайдың істері туралы қуанышты хабарды өз тілінде естіді.

Жиналған кейбір адамдар шәкірттердің шарап ішіп, мас болғанын айтып келекелей бастады. Бірақ Петір оларға қатты дауыстап: “Мені тыңдаңдар! Бұл адамдар мас емес! Ал енді Жоел пайғамбардың не туралы айтқанын көріп тұрсыңдар: “Құдай былай деген: “Соңғы күндерде Мен Рухымды барлық адамдарға төгемін” — деді”.

Тыңдаңдар, исраилдіктер, Иса Өзінің кім екенін көрсету үшін көптеген кереметтер мен ғажаптар жасаған Адам болды. Ол осы кереметтерді Құдайдың құдіретімен жасады. Сендер мұны білесіңдер, өйткені бәрін көрдіңдер. Бірақ сендер Оны айқышқа шегеледіңдер!

Сендер Исаны өлтірген едіңдер, бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Осылайша алдын-ала айтылған: “Сенің Киелі Ұлың өлім құрсауында қалуы мүмкін емес” — деген пайғамбарлық сөздер орындалған еді. Біз Құдайдың Исаны тірілткеніне куәміз.

Құдай Әке Исаға Өзінің оң жағында отыру мәртебесін берді. Ал Иса Өзі уәде еткендей бізге Киелі Рухты жібереді. Қазір сендердің естіп, көріп тұрғандарыңның барлығын Киелі Рух істеп жатыр.

Сендер Иса деген адамды айқышта шегелеген едіңдер. Бірақ Құдайдың Оны Мәсіх ретінде және тірлішік атаулының Иесі болуға тағайындағанын біліп жүріңдер”.

Петірді тыңдаған адамдар оның сөздерінен қатты әсер алды. Олар Петір мен шәкірттерден: “Ағайындар, енді біз не істеуіміз керек?” — деп сұрады.

Сонда Петір былай деп жауап берді: “Барлықтарың Құдайдан кешірім алу керексіңдер. Сондықтан әрқайсыларың теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен суға шомылдыру рәсімінен өтіңдер. Сонда Құдай сендерге сый ретінде Киелі Рухты береді”.

Сол күні үш мыңнан астам адам Петірдің айтқандарына сенді. Олар күнәдан бас тартып, Құдайға бет бұрды. Олар суға шомылу рәсімінен өтіп, Исаның шәкірті болып қауымның қатарына қосылды.

Сенушілер жиі бірге жиналып жүрді. Олар әрдайым елшілердің тәлімдерін тыңдап, дұға етіп, Құдайды мадақтады. Олар бірге тамақтанып, бір-біріне барынша көмектесіп отырды. Осылай олар қала тұрғындарының көңілінен шығып, күн сайын сенушілер саны көбейіп жатты.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons