unfoldingWord 08 - Құдайдың Жүсіпті және оның отбасын құтқаруы

unfoldingWord 08 - Құдайдың Жүсіпті және оның отбасын құтқаруы

概要: Genesis 37-50

文本编号: 1208

语言: Kazakh

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Көп жыл өткен соң, Жақып қартайып, ұлдары ер жетеді. Сонда Жақып мал бағып жүрген ағаларының қал-жағдайларын біліп келуге өзінің сүйікті ұлы Жүсіпті жібереді.

Жүсіп әкелерінің ең сүйікті ұлы болғандықтан және өзін ағаларының қожайыны ретінде көрген түстері үшін бауырлары оны жек көрді. Жүсіп оларға келгенде, ағалары оны ұстап алып, құлдыққа сатып жіберді.

Ағалары үйлеріне қайтпас бұрын, Жүсіптің киімін жыртып, оған лақтың қанын жақты. Әкелері Жүсіпті жырқыш аң жарып тастады деп ойлап қалуы үшін оған қанға боялған киімді көрсетті. Жақып сүйікті ұлының өлгеніне қатты күйзелді.

Саудагерлер Жүсіпті Мысыр еліне алып кетті. Сол кездері Мысыр елі Ніл өзенінің жағасында орналасқан мықты мемлекет еді. Саудагерлер Жүсіпті Потифар есімді мысырлық уәзірге құлдыққа сатып жіберді. Бірақ Құдай Жүсіпті жарылқап жүрді. Жүсіп қожайынына жақсы қызмет етті және барлық істері жемісті болды.

Потифардың әйелі Жүсіпке көз қырын сала бастады. Ол Жүсіпті азғыруға тырысқанымен Жүсіп Құдайға қарсы ауыр күнә жасағысы келмей, келіспей қойды. Потифардың әйелі осыған наразы болды да, “мені азғырды” деген жала жауып оны түрмеге қаматып тастады. Жүсіп түрмеге қамалса да, Құдайдың алдында сенімді болып қала берді және Құдай оған жар болды.

Арада екі жыл өтті. Жүсіп кінәсіз болса да, әлі де түрмеде отыр еді. Бір түні перғауын (мысырдың патшасы) оның мазасын қашырған екі түс көрді. Бірде-бір кеңесші оған осы түстердің мағынасын жорып бере алмады.

Құдай Жүсіпке түс жори алатын қабілет берген болатын. Сондықтан перғауын Жүсіпті түрмеден алып келуге бұйырды. Жүсіп осы түстерді жорып беріп, перғауынға былай деді: “Құдай жеті жыл бойы молшылық беретін болады, ал келесі жеті жылда қуаңшылық жайлайды”.

Жүсіптің Перғауынның көңілінен шыққаны соншалық, ол Жүсіпті бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындады.

Молшылық болған жеті жылдар бойы Жүсіп Мысыр қалаларында астық қорын жинап алды. Жиналған астық қоры сансыз көп болды. Жеті жылдық жұт басталғанда, Жүсіп жинаған астықты адамдарға сата бастайды. Соның арқасында олардың тамақтары жеткілікті болды.

Ашаршылық тек Мысырды ғана емес, Жақып пен оның отбасы өмір сүріп жатқан Қанахан жерінде де жайлады.

Жақып үлкен ұлдарын астық сатып алуға Мысырға жібереді. Олар астық сатып алуға келгенде, Жүсіп ағаларын танып қояды, бірақ олар інісін танымады.

Жүсіп ағаларының қаншалықты өзгергенін көргісі келіп, оларды сынамақ болады. Олардың өзгергендеріне көз жеткізгеннен кейін, Жүсіп оларға былай дейді: “Мен сендердің інілерің Жүсіппін, қорықпандар! Сендер мені құлдыққа сатып зұлымдық жасадыңдар, бірақ Құдай сол зұлымдықты игілікке айналдырды. Мысырға көшіп келіңдер, мен сендерге және отбасыларыңа қамқор боламын”.

Жүсіптің ағалары үйлеріне қайтып оралған кезде әкелеріне Жүсіптің тірі екенін айтып береді. Оны естіген Жақып қатты қуанып кетті.

Жақып қартайған болса да, ол бүкіл үрім-бұтағымен Мысырға көшіп барып, сол жерде тұрақтанды. Жақып көз жұмар алдында балаларының әрқайсысына ақ батасын береді.

Құдайдың Ыбырайымға берген келісім уәдесі Ысқаққа, Ысқақтан Жақыпқа, содан кейін оның он екі ұлдары мен олардың отбасыларына берілді. Жақыптың он екі ұлдарының ұрпақтарынан Исраилдің он екі руы тарады.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons