unfoldingWord 44 - Петір мен Жоханның сал адамды сауықтыруы
Đề cương: Acts 3-4:22
Số kịch bản: 1244
ngôn ngữ: Kazakh
Khán giả: General
Thể loại: Bible Stories & Teac
Mục đích: Evangelism; Teaching
Trích dẫn Kinh Thánh: Paraphrase
Trạng thái: Approved
Bản văn này là một hướng dẫn cơ bản cho dịch và thu âm trong các ngôn ngữ khác. Nó phải được thích nghi với nền văn hóa và ngôn ngữ để làm cho nó phù hợp với từng khu vực, nơi nó được sử dụng khác nhau. Một số thuật ngữ và khái niệm được sử dụng có thể cần một lời giải thích đầy đủ hơn hoặc thậm chí bị bỏ qua trong các nền văn hóa khác nhau.
Kịch bản
Бір күні Петір мен Жохан ғибадатханаға барды. Ғибадатхананың қақпасының алдында бір сал адам ақша сұрап отыратын.
Петір сал адамға қарап: “Менде саған беретін ақша жоқ. Дегенмен саған барымды беремін. Исаның атынан, орныңнан тұрып, жүріп кет!” — деді.
Сол сәтте-ақ Құдай сал адамды емдеді. Ол әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды. Ғибадатхананың ауласында жүрген адамдар осыны көргенде қатты таң қалды.
Сауыққан адамды көргісі келген қалың жұрт тез арада жиналды. Петір: “Бұл кісінің сауығып кеткеніне таң қалмаңдар. Оны өз күшімізбен немесе әділдігімізбен емдеген жоқпыз. Бірақ Исаның Өзі оны құдіретімен сауықтырды, өйткені біз Оған сенеміз.
Рим әміршісінен Исаны өлтіруді талап еткен сендер едіңдер. Сендер бәріне өмір сыйлаушыны өлтірдің. Бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Сендер не істеп жатқандарыңды түсінбедіңдер, бірақ мұның бәрін істегенде, пайғамбарлардың алдын-ала айтқан хабарлары орындалды. Олар Мәсіхтің азап шегіп, өлтірілетінін айтты. Ал мұның бәрін Құдай жасады. Ендеше тәубе етіңдер және күнәларыңнан арылу үшін Құдайға бет бұрыңдар”. — деді.
Петір мен Жоханның сөздерін естіген діни қызметкерлер мен ғибадатхана сақшыларының басшылары қатты наразы болды. Олар екі елшіні ұстап алып, түрмеге жауып тастайды. Ал Петірдің сөздерін естіген адамдардың көбі оның айтқан сөздеріне сенді. Сол күні Исаға сенген адамдардың саны бес мыңға жуық болды.
Келесі күні яһудилердің басты діни қызметкерлері, Таурат заңын үйретушілері және рубасылары жиналды. Оларға Петір мен Жоханды, сал адамды алып келеді. Олар Петір мен Жоханға: “Сендер мына сал адамды қандай күшпен сауықтырдыңдар?” — деген сұрақ қойды.
Петір оларға: “Алдарыңда тұрған адам Мәсіх Исаның күшімен сауыққан. Сендер Исаны айқышқа шегеледіңдер, ал Құдай Оны қайта тірілтті! Сендер Одан бас тарттыңдар, бірақ Исадан басқа құтқарылатын жол жоқ!” — деді.
Жиналған жұрттың барлығы Петір мен Жоханның батылдығына таң қалды. Алдарында қарапайым және оқымаған адамдардың тұрғанын көрді, бірақ кейін оларды Исаның қасынан көргендерін естеріне түсірді. Сонда діни қызметшілер мен рубасылар Петір мен Жоханға: “Егер Иса деген адам туралы айтқандарыңды тоқтатпасаңдар, онда біз сендерді жазалаймыз” — деді. Осылай Петір мен Жоханды қорқытып, жөндеріне жіберді.