unfoldingWord 38 - Исаға қарсы жасалған опасыздық

unfoldingWord 38 - Исаға қарсы жасалған опасыздық

Balangkas: Matthew 26:14-56; Mark 14:10-50; Luke 22:1-53; John 18:1-11

Bilang ng Talata: 1238

Wika: Kazakh

Tagapakinig: General

Klase: Bible Stories & Teac

Layunin: Evangelism; Teaching

Kawikaan mula sa Bibliya: Paraphrase

Katayuan: Approved

Ang mga script ay panimulang gabay para sa pagsasalin at pagre-record sa ibat-ibang wika.Ang mga ito ay ay dapat na angkupin kung kinakailangan para maunawaan at makabuluhan sa bawat kultura at wika. Ilang termino at konsepto na ginamit ay maaaring gamitin para maipaliwanag o maaari di na palitan o tanggalin ng ganap.

Salita ng Talata

Исаның уағыздауды бастап, халыққа тәлім бергеніне үш жыл болды. Көптеген қалаларды аралап шыққаннан кейін Иса шәкірттерімен бірге Иерусалимге келді. Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Иса Өзінің шәкірттерімен бірге сол мейрамды тойлағысы келді. Яһудилер жыл сайын Құдайдың ертеде ата-бабаларын мысырлық құлдықтан құтқарғанын естеріне түсіру үшін Құтқарылу мейрамын тойлайтын. Мейрамның алдында Иса шәкірттеріне жақында Оны өлтіретіні туралы айтты.

Исаның он екі елшісінің арасында Яһуда есімді адам болған еді. Ол құрбандықтан түскен ақшаны сақтайтын әмиянды ұстайтын және түскен ақшадан жиі ұрлайтын. Иса шәкірттерімен бірге Иерусалимге келгенде Яһуда басты діни қызметкерлерге барды. Ол Исаны ақшаға сатып, қолға түсіріп беруді ұсынды. Яһуда басты діни қызметкерлердің Исаны Мәсіх ретінде мойындамайтынын және Оны өлтіргілері келгенін білді.

Басты діни қызметкерлер бастаған Таурат заңын үйретушілер және рубасылар Яһудаға Исаны қолға түсіріп беруі үшін оған отыз күміс теңге төледі. Барлығы пайғамбарлардың жазбада айтқанындай болды. Яһуда ақшаны алды да кетті. Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін іздей бастады.

Иса шәкірттерімен Құтқарылу мейрамын тойлап жатқанда нанды алып, үзіп беріп: “Алып, жеңдер. Бұл менің сендер үшін беретін денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!” — деді. Осылайша Иса шәкірттеріне Өзінің денесін құрбан етіп, олар үшін өлетінін ашты.

Сонда Иса шарап құйылған тостағанды ұстап: “Алып, ішіңдер! Бұл Құдай күнәларыңды кешіруі үшін төгіліп, Жаңа өсиетті бекітетін Менің қаным. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!” — деді.

Содан кейін Иса шәкірттеріне: “Араларыңдағы біреу маған опасыздық жасайды”, — деді. Шәкірттері таң қалып, мұны кім жасайтынын сұрай бастады. Иса: “Мен осы бір үзім нанды кімге беремін, сол сатқын”, — деді. Ол нанды Яһудаға берді.

Яһуда нанды алған бойда оның ішіне Шайтан кірді. Сонда Иса Яһудаға: “Ойыңдағыны тезірек іске асыр”, — деді. Исаның болатын жерін айту үшін Яһуда бас діни қызметкерлерге барды. Сыртта қараңғы түн еді.

Кешкі астан кейін Иса шәкірттерімен Зәйтүн тауына қарай барады. Сонда Иса былай деді: “Сендер бүгін түнде бәрің де Менен безіп кетесіңдер. Жазбада жазылғандай: “Бақташыны ұрып өлтіремін, сонда отарындағы қойлары бытырап кетеді””.

Сонда Петір: “Бәрі безіп кетсе де, мен ешқашан кетпеймін!” — деді. Иса Петірге: “Шайтан сендерді азғырғысы келеді, бірақ Петір, сенімің азаймасын деп Мен сен үшін дұға еттім. Осы түні әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың” — деп жауап береді.

Сонда Петір Исаға былай дейді: “Маған Сізбен бірге өлуге тура келсе де, Сізден еш танбаймын!” Барлық басқа шәкірттері де осыны айтты.

Кейін Иса шәкірттерімен Гетсимани бағына аттанды. Иса шәкірттеріне азғырылмау үшін сиынып мінажат етіңдер деп бұйырады. Содан кейін Иса олардан әрірек барып мінажат етеді.

Иса: “О, Әке, мүмкін болса, қаһарыңа толы бұл тостағанға Мені жолатпашы. Бірақ, адамдардың күнәларын кешіретін басқа жол жоқ болса, онда Сенің еркің болсын!” — деп қатарынан үш рет мінәжат етті. Исаның қатты қиналғаны соншалық, Оның тері қан сияқты жерге тамып жатты. Құдай Оған күш беруге періштесін жібереді.

Осылай Иса сиынып мінәжат етіп келген сайын, шәкірттері ұйықтап жатқанын көреді. Үшінші рет қайтып келгенде, Ол шәкірттеріне: “Ояныңдар! Тұрыңдар! Маған опсыздың жасайтын адам таяп калды” — деді.

Сол сәтте Яһуда қасына бас діни қызметкерлерді, ғибадатхананың бас сақшыларын, рубасыларын, жасақшылар мен бір топ адамдарды ертіп келеді. Олар қолдарына семсер мен сойыл ұстап келген екен. Яһуда Исаға жақындап келіп: “Амансыз ба, Ұстаз!” — деп Оның бетінен сүйді. Яһуда бұл іс-әрекетпен ертіп келгендерге тұтқынға алатын Адамды көрсетіп, белгі беру үшін істеген екен. Сонда Иса: “Яһуда, бетімнен сүйіп Маған опасыздық жасағаның ба?” — деді.

Жасақшылар Исаны ұстап алғанда Петір семсерін суырып алып бас діни қызметшінің малайының құлағын шауып түсіреді. Бірақ Иса: “Семсеріңді тарт! Қынабына сал! Мен Әкемнен сұрасам Мені қорғауға Ол дереу періштелер әскерін жібереді! Бірақ Мен Әкеме мойынсұнуым керек” — деді. Иса малайдың құлағын емдеп береді. Содан жасақшылар Исаны тұтқынға алғаннан кейін, шәкірттері жан жаққа қаша жөнеледі.

Katulad na kaalaman

Salita ng Buhay - Ang GRN ay mayroong mensahe sa audio sa libo-libong wika na naglalaman ng mensahe base sa Bibliya tungkul sa kaligtasan at Kristyanong pamumuhay.

Libreng mga download - Dito ay matatagpuan ang lahat ng pangunahing scripts mensahe ng GRN sa ibat-ibang wika, at mga larawan at iba pang katulad na materyales, ay maaari ng i-download.

Ang GRN Aklatang Audio - Pag-eebanghelyo at panimulang kagamitan ng katuruang Bibliya na angkop sa mga pangangailangan at kultura ng mga tao sa isang iba't ibang estilo at mga format.

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons

Choosing the right audio or video format - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?