unfoldingWord 25 - Шайтанның Исаны сынауы
Esboço: Matthew 4:1-11; Mark 1:12-13; Luke 4:1-13
Número do roteiro: 1225
Idioma: Kazakh
Público alvo: General
Tipo: Bible Stories & Teac
Propósito: Evangelism; Teaching
Passagem bíblica: Paraphrase
Estado: Approved
Os roteiros são guias básicos para a tradução e gravação em outros idiomas. Devem ser adaptados de acordo com a cultura e a língua de cada região, para fazê-lo relevante. Certos termos e conceitos podem precisar de uma explicação adicional ou mesmo serem omitidos no contexto de certos grupos culturais.
Texto do roteiro
Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстаған болатын, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.
Шайтан Исаға: “Егер Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастарды нанға айналдыр, сонда оларды жеуге болады!” — деді.
Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: “Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді — деп жазылған.”
Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың ең жоғарғы жағына апарып, былай деді: “Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, жерге секір, өйткені Жазбада: Құдай періштелеріне сені алып жүруді бұйырады, сонда аяғың тасқа соғылмайды”.
Бірақ Иса шайтанның айтқанын орындамады. Иса оған жауап қайтарып былай деді: ““Құдай Иеңді еркінсіп сынама” деп Тауратта жазылған!”
Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: “Егер аяғыма жығылып маған сиынсаң, бұлардың бәрін Саған беремін” — деді.
Бірақ Иса былай деп жауап берді: “Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: “Жалғыз Құдай Иелеріңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!””
Иса шайтанның сынағына берілмеді сонда шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Содан кейін Исаның қасына періштелер келіп, Оған қызмет етті.