unfoldingWord 46 - Пауылдың Исаның шәкірті болуы
रूपरेखा: Acts 8:1-3; 9:1-31; 11:19-26; 13-14
लिपि नम्बर: 1246
भाषा: Kazakh
दर्शक: General
उद्देश्य: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
स्थिति: Approved
लिपिहरू अन्य भाषाहरूमा अनुवाद र रेकर्डिङका लागि आधारभूत दिशानिर्देशहरू हुन्। तिनीहरूलाई प्रत्येक फरक संस्कृति र भाषाको लागि बुझ्न योग्य र सान्दर्भिक बनाउन आवश्यक रूपमा अनुकूलित हुनुपर्छ। प्रयोग गरिएका केही सर्तहरू र अवधारणाहरूलाई थप व्याख्याको आवश्यकता हुन सक्छ वा पूर्ण रूपमा प्रतिस्थापन वा मेटाउन पनि सकिन्छ।
लिपि पाठ
Сол уақытта Саул есімді бір адам өмір сүрген еді. Ол Иса туралы ілімге қарсы болатын. Степанға тас лақтырып жатқанда Саул сол жерде болып, Степанды өлтіріп жатқан адамдардың киімдерін күзетіп тұрды. Кейін Саул сенушілерді қудалай бастады. Ол Иерусалимде үйлерді аралап, әйелдер мен еркектерді сүйреп шығарып, түрмеге жапқызды. Бір күні Саул бас діни қызметкерге келіп, Исаның жолына түскендерді тұтқындап, Иерусалимге алып келу үшін Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады.
Осындай хатқа ие болғаннан кейін Саул Дамаскіге кетті. Қалаға жақындап қалғанда, көктен түскен жарық нұр айналаны жарқыратып жіберді. Саул жерге құлап түсіп, Біреудің: “Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?” — деген дауысын естіді. Саул: “Сен кімсің, Ием?” — деп сұрады. Ол: “Мен сен қудалап жүрген Исамын!” — деп жауап берді.
Саул жерден тұрғанда еш нәрсе көре алмады. Сондықтан серіктері оны Дамаскіге дейін қолынан ұстап жетектеп барды. Ол үш күн бойы ештеңе жеп, ішпеді.
Дамаскіде Анания деген шәкірт өмір сүрді. Құдай оған: “Саул тұрған үйге бар. Ол қайта көре алуы үшін қолыңды оның үстіне қой.” — деді. Анания: “Ұстаз, мен ол кісі сенушілерді қудалап жатыр деп естідім”, — деді. Сонда Құдай оған былай деп жауап берді: “Бар сонда! Мен оны яһудилерге және басқа ұлт өкілдеріне мен туралы айту үшін таңдадым. Ол Мен үшін көп азап шегеді”.
Анания Саулға барып, оның үстіне қолын қойып: “Саған жолшыбай келе жатқанда аян берген Иеміз Исаның Өзі көзің қайтадан көрсін, сен Киелі Рухқа кенелсін деп мені жіберді”, — деді. Дәл осы кезде Саулдың көзі қайтадан ашылып, Анания оны шомылдыру рәсімінен өткізді. Сонда Саул аздап тамақтанып әлденді.
Бірнеше күн Саул Исаның шәкірттерімен Дамаскіде қалып, яһудилерге мәжілісханаларда Ізгі хабар айтып жүрді. Саул былай деп жариялайтын: “Иса — Құдайдың Ұлы!” Яһудилер Саулға қатты таңқалды, өйткені бұрын ол Исаның шәкірттерін қудалайтын, ал қазір өзі Исаға сене бастаған еді! Саул яһудилерге Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін дәлелдеп сөз таласты.
Бірнеше күннен кейін яһудилер Саулды өлтіру үшін жоспар құрды. Олар Саулды қала қақпасында күтіп алып, өлтіру үшін бірнеше адамдарын жібереді. Алайда Саул олардың жоспарларын біліп қояды, солай оның достары оған қаладан қашып кетуге көмектеседі. Саул Дамаскіден қашып кеткеннен кейін, Иса туралы Ізгі хабар айтуды тоқтатпады.
Елшілермен кездесу үшін Саул Иерусалимге аттанады. Бірақ көбі оның Исаның жолына түскеніне сенбей, одан қорықты. Сонда Барнаба атты бір сенуші Саулды елшілерге ертіп келеді. Сауылдың Дамаскіде батыл уағыз айтқаны туралы оларға айтып береді. Содан кейін елшілер Саулды қабылдады.
Иерусалимде қудаланған кейбір сенушілер Антақия қаласына барып, Иса туралы уағыздап жүрді. Антақиядағы адамдардың көпшілігі басқа ұлттық адамдар еді, бірақ Исаның шәкірттерінің уағыздарын естігеннен кейін олар да Исаға сене бастады. Олар яһудилер болмаса да, Исаға Құдайдың Ұлы деп сенген алғашқы адамдар болды. Барнаба мен Саул жаңа сенушілерге Иса туралы тәлім беріп, қауымды рухани жағынан нығайту үшін Антақияға келді. Дәл Антақияда Исаның жолын қуған шәкірттер алғаш рет “мәсіхшілер” деп аталды.
Бір күні Исаның шәкірттері Антақияда ораза ұстап, мінәжат етіп отырған кезде, Киелі Рух оларға: “Саул мен Барнабаны Мен тапсырған арнайы істі орындау үшін жіберіңдер” — деді. Антақиядағы сенушілер Барнаба мен Саулдың үстеріне қолдарын қойып дұға етті. Осылай Барнаба мен Саул Антақиядан кетіп, басқа халықтарға тәлім беріп жүрді. Көптеген адамдар Исаның соңынан ере бастады.