unfoldingWord 49 - Құдай бекіткен Жаңа Өсиет

unfoldingWord 49 - Құдай бекіткен Жаңа Өсиет

개요: Genesis 3; Matthew 13-14; Mark 10:17-31; Luke 2; 10:25-37; 15; John 3:16; Romans 3:21-26, 5:1-11; 2 Corinthians 5:17-21; Colossians 1:13-14; 1 John 1:5-10

스크립트 번호: 1249

언어: Kazakh

청중: General

목적: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

지위: Approved

이 스크립트는 다른 언어로 번역 및 녹음을위한 기본 지침입니다. 그것은 그것이 사용되는 각 영역에 맞게 다른 문화와 언어로 조정되어야 합니다. 사용되는 몇 가지 용어와 개념은 다른 문화에서는 다듬어지거나 생략해야 할 수도 있습니다.

스크립트 텍스트

Иса дүниеге келер алдында періште Мәриям есімді қызға келіп, Құдайдың Ұлын дүниеге келтіретіні туралы айтты. Мәриам пәк қыз болатын, бірақ Киелі Рухтың құдыреті оған қонып, ол жүкті болды. Мәриям ұл туып, Оның атын Иса деп қойды. Сондықтан Иса — адами және Құдайлық болмысқа ие.

Иса Өзінің Құдайлық болмысын көрсететін көптеген кереметтер жасады. Ол судың бетімен жүріп, дауылдарды тоқтатты. Ауруларды сауықтырып, жындарды қуды. Иса өлілерді тірілтіп, бес күлше нанмен және екі балықпен бес мыңнан аса адамдарды тамақтандырды.

Иса ұлы Ұстаз еді. Оның барлық ілімдері шындыққа ұласатын. Сондықтан Исаның айтқандарын орындау керек, өйткені Ол — Құдайдың Ұлы. Исаның үйреткен ең басты ілімдерінің бірі ол — өзіңді қалай сүйсең, басқа адамдарды да солай сүю.

Сонымен қатар Иса Құдайды басқалардан, тіпті өзіндегі барынан да артық сүюді үйретті.

Осы әлемнің бар байлығына ие болғаннан гөрі Құдайдың Патшалығына кіру маңыздырақ. Оның Патшалығына кіре алуың үшін Құдай сені күнәларыңның жазасынан құтқару керек.

Иса Өзін қабылдайтын адамдардың болатынын және Құдайдың оларды құтқаратынын айтты. Бірақ Оны қабылдамайтын адамдар да болады. Иса кейбір адамдардың құнарлы топыраққа ұқсайтынын айтты. Құдай Сөзі тұқым сияқты осы топыраққа түсіп, өніп шығады. Мұндай адамдар Исаны қабылдайды және Құдай оларды құтқарады. Басқа адамдар жол бойындағы құнарсыз топырақ сияқты. Құдай Сөзі тұқым сияқты осы топыраққа түседі, бірақ өнбейді. Мұндай адамдар Исаны қабылдамайды. Олар Оның патшалығына кіруден бас тартады.

Иса Құдайдың барлық адамдарды, тіпті күнәкарларды да сүйетінін айтты. Ол барлығын кешіріп, Өзінің балалары ретінде қабылдағысы келеді.

Адам ата мен Хауа ана күнә жасағаннан кейін олардың барлық ұрпақтары күнәкар болып туыла бастады. Барлық адамдар күнә жасайды және Құдайдан алыстайды. Әрбір адам туылғаннан бастап Құдайға және Оның еркіне қарсы тұрады.

Бірақ Құдайдың адамдарды сүйетіні соншалық, Ол Өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті. Құдай Исаға сенетіндерді жазаламайды және барлық сенушілер Онымен бірге мәңгі өмір сүреді.

Сен өлуге лайықсың, өйткені сен күнәкарсың. Құдайдың сені жазалағаны дұрыс болар еді. Бірақ сенің орныңа Иса күнәларың үшін жазаланды. Исаны айқыш ағашқа шегелеген кезде, Құдай сенің жазаларыңды Оның мойнына артты.

Иса ешқашан күнә жасамаған. Бірақ Ол күнәның жазасын Өз мойнына алып, айқыш ағашта азапталып өлді. Иса сенің және осы әлемдегі әрбір адамның күнәсін Өз мойнына алып, кемелді құрбандық болды. Иса адамдардың күнәлары үшін құрбан болды, сондықтан Құдай Оған сенген әркімнің ең ауыр күнәларын да кешіреді.

Күнәның жазасынан сені көптеген игі істерің де құтқара алмайды. Құдаймен татуласып, Оның досы болуға өзің ештене істей алмайсың. Иса — Құдайдың Ұлы екеніне, Оның айқыш ағашта сен үшін құрбан болғанына және Құдайдың Исаны қайтадан өлімнен тірілткеніне сенуің керек. Егер соған сенсең, Құдай сенің барлық күнәларыңды кешіреді.

Исаға сеніп, өзінің Иесі ретінде қабылдаған әрбір адамды Құдай құтқарады. Бірақ Өзіне сенбегендерді Ол құтқармайды. Сенің бай немесе кедей, еркек немесе әйел, кәрі немесе жас болғаның және қайда тұратының мүлдем маңызды емес. Құдай сені сүйеді, Ол сенің досың болып, сенің Исаға сенгеніңді қалайды.

Иса сені Оған сенуге және шомылдыру рәсімінен өтуге шақырады. Иса — Мәсіх және Құдайдың жалғыз Ұлы екеніне сенесің бе? Күнәкар екеніңе және өзіңнің күнәларың үшін Құдайдың жазалауына лайықты екеніңе сенесің бе? Сенің күнәларың үшін Исаның айқыш ағашта құрбан болғанына сенесің бе?

Егер сен Исаға сеніп, Оның сенің өміріңде істеген істерін ашық жариялайтын болсаң, онда Мәсіхтің шәкірті боласың. Шайтан енді сені басқара алмайды және қара түнектің патшалығы енді саған билік жүргізе алмайды. Құдайдың Өзі нұрлы Патшалығынан саған бағыт беріп тұрады. Құдай саған күнәға қарсы тұруға күш беріп, жаңа, дұрыс өмір сүру салтын сыйлайды.

Егер Исаға сенген болсаң, онда Исаның құрбандығы арқылы Құдай сенің күнәларыңды кешірді. Енді Құдай сені Өзінің жауы емес, жақын досы ретінде қабылдайды.

Егер сен — Құдайдың досы болсаң және Исаның қызметшісі болсаң, ал Иса — сенің Иең болса, онда сенде Исаның үйреткендерін орындауға тілек пайда болады. Бірақ Исаға сенген болсаң да, шайтан сені күнәға итермелеп тұрады. Шайтан сені Исаның сенімсіз шәкірті болуға түртіп тұрады. Бірақ Құдай әрдайым Өзінің уәдесінде тұрып айтқанын орындайды. Егер сен күнәңді мойындап, Құдайдың алдына келіп кешірім сұрасаң, онда Ол сені кешіріп, күнәмен күресуге күш береді.

Құдай сенің Киелі кітапты оқып-үйреніп, мінәжат еткеніңді қалайды. Сонымен қатар Ол Исаның жолын қуған басқа мәсіхшілермен бірге Оған сиынғаныңды қалайды. Егер сен Құдайдың тапсырмасын түгел орындайтын болсаң, онда сенің Құдаймен өзара достық қарым-қатынасың нығая береді.

관련정보

생명의 말씀 - GRN 은 성경에 기반한 구원과 그리스도인의 삶에 대한 수천개의 오디오 복음 메시지를 가지고 있습니다.

무료 다운로드 - 여기에서 다운로드 가능한 여러 언어로 된 주요 GRN 메시지 스크립트, 그림 및 기타 관련 자료를 찾을 수 있습니다.

GRN 오디오 도서관 - 전도와 기본 성경 가르침을 위한 자료는 mp3, CD, 카세트 테이프 형태로 사람들의 필요와 문화에 맞추어졌습니다. 녹음은 성경이야기, 전도 메시지, 말씀 읽기, 노래를 포함하여 다양한 스타일로 구성되었습니다.

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons