unfoldingWord 16 - Билер

unfoldingWord 16 - Билер

개요: Judges 1-3; 6-8; 1 Samuel 1-10

스크립트 번호: 1216

언어: Kazakh

청중: General

장르: Bible Stories & Teac

목적: Evangelism; Teaching

성경 인용: Paraphrase

지위: Approved

이 스크립트는 다른 언어로 번역 및 녹음을위한 기본 지침입니다. 그것은 그것이 사용되는 각 영역에 맞게 다른 문화와 언어로 조정되어야 합니다. 사용되는 몇 가지 용어와 개념은 다른 문화에서는 다듬어지거나 생략해야 할 수도 있습니다.

스크립트 텍스트

Нұн ұлы Ешуа өлгеннен кейін Исраил халқы Құдайды тыңдамай, Оның заңдарына бағынбай кетті. Исраилдіктер Қанахан жерінен қалған халықтарды қуып шығармады. Олар шынайы Құдай — Жаратқан Иенің орнына қанахандықтардың құдайларына сиынды. Исраилдіктердің патшалары болмады, сондықтан әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.

Көп жылдар бойы Исраил халқы Құдайды тыңдамай жүргендіктен, Құдай оларды жазалап, айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіріп отырды. Олар исраилдіктерді тонап, мүліктерін тартып алып, олардың көбін өлтірді. Ұзақ жыл қысымшылық көргеннен кейін, Исраил халқы Құдайдан кешірім сұрап, жауларынан құтқаруын өтінді. Осылай көп рет қайталанып отырды.

Исраилдіктер жасаған істеріне өкінген сайын, Құдай оларды құтқарып отырды. Жауларына қарсы шығып, халықты бостандыққа шығарып отыратын билеуші жіберетін. Сонда елде тыныштық орнап, би әділдікпен билік жүргізді. Құдай исраилдіктерге көмек ретінде билерді тағайындап отырды. Жауласқан көрші мадияндықтарға Исраил халқын жеңуге жол бергеннен кейін, Құдай исраилдіктерге сондай билердің біреуін жібереді.

Жеті жыл бойы мадияндықтар Исраил хылқының астығын тонап келген еді. Исраилдіктерді үрей билеп, мадияндықтардан жасырынып үңгірлерді паналап жүрді. Ақыры, олар Құдайға сиынып, құтқаруын өтінді.

Сол уақытта Гедеон атты исраилдік өмір сүрді. Бірде ол мадияндықтардан жасырынып, бидайдың дәндерін бастырып жатқанда, оған Жаратушының періштесі келіп: “Мықты жауынгер, Құдай сенімен бірге! Барып Исраил халқын мадияндықтардан құтқар!” — деді.

Гедеонның әкесінде жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелі бар еді. Құдай Гедеонға оны бұзып, орнына Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызуды бұйырады. Бірақ Гедеон адамдардан қорыққандықтан түн болғанын күтіп, құрбандық үстелін бөлшектеп бұзып тастайды. Оның орнына Гедеон Құдайға арнап құрбандық үстелін тұрғызып, құрбандық шалады.

Таңертең адамдар құрбандық үстелінің бұзылғанын көргенде қатты ашуланып, Гедеонды өлтіру үшін оның үйіне барады. Сонда Гедеонның әкесі: “Сендер неге өздеріңнің құдайларыңды қорғауға тырысып жатырсыңдар? Егер ол шын құдай болса, онда өзін-өзі қорғасын!” — дейді. Мұны естіген халық Гедеонды өлтіру райларынан қайтты.

Мадияндықтар исраилдіктерді тонауға тағы да келеді. Олардың көп болғаны соншалық, санау мүмкін болмады. Сонда Гедеон исраилдіктерді жинап, жауларына қарсы тұрмақшы болды. Исраилдіктерді мадияндықтардан құтқарып алуға Құдайдың шақырып жатқанына көз жеткізу үшін Гедеон Құдайдан екі белгі сұрады.

Бірінші белгі ретінде Гедеон жерге қойдың жүнін қойып, таңғы шық тек жүнде болып, жердің құрғақ қалуын Құдайдан сұрайды. Құдай солай істейді. Келесі түнде, Гедеон Құдайдан қойдың жүнінің құрғақ болып, жердің ылғалды болуын сұрайды. Құдай осыны да істеді. Сонда шынымен де Құдайдың оны Исраил халқын мадияндықтардан құтқарып алуға шақырғанына Гедеонның көзі жетеді.

Кейін Гедеон өзіне сарбаздарды шақырды, содан оған отыз екі мың адам келді. Бірақ Құдай оған, сенімен жүрген сарбаздардың саны тым көп деді. Сонда Гедеон соғысудан қорқатын жиырма екі мың адамды қайтарып жіберді. Құдай: “Сарбаздар әлі де тым көп” — деді. Сонда Гедеон Құдай көрсеткен тек үш жүз сарбазды ғана таңдап алып, қалғандарын үйлеріне қайтарып жіберді.

Сол түні Құдай Гедеонға: “Мадияндықтардың тұрағына бар да олардың айтқан сөздеріне құлақ түр. Олардың айтқандарын естігенде шабуыл жасаудан қорықпайтын боласың” — деді. Түнде Гедеон жасақшылардың тұрағына таяп келгенде, бір мадияндық жауынгер өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты. Сол түсінде бір таба арпа наны мадиянның тұрағына құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны қиратқан екен. Жолдасы оған: “Бұл түс Гедеонның әскері мадияндық әскерді қиратады дегенді білдіреді!” — деп жауап берді. Осыны естіген соң, Гедеон Құдайға басын иіп тағзым етті.

Гедеон өз жауынгерлеріне қайта оралғаннан кейін ол: “Құдай мадияндықтарды біздің қолымызға тапсырды” — деді. Осыдан кейін Гедеон әр адамның қолына керней, жалындаған алау мен құмыраны ұстатты. Олар барып, мадияндықтар ұйықтап жатқан тұрақты айналдыра қоршап алды. Мадияндықтар жарықты көріп қоймаулары үшін Гедеонның үш жүз жауынгері жанып тұрған алауды бос құмыраның ішіне жасырып қойған.

Осыдан кейін Гедеонның сарбаздары бір уақытта құмыраларын сындырып тастады, сол кезде жалындаған алаудан айнала кенеттен жарық болып кетті. Жауынгерлер керней тартып: “Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін семсер!” — деп ұрандаумен болды.

Құдай мадияндықтарды шатастырғандықтан олар өзара шайқасып бірін-бірі өлтіре бастады. Мадияндықтардың артынан қуып бару үшін Гедеон тез арада исраилдіктерді хабаршылары арқылы көмекке шақырды. Исраилдіктер олардың көбін өлтіріп, ал қалғандарын өз жерлерінен қуып шықты. Сол күні жүз жиырма мың мадияндық қаза тапты. Құдай Исраилді құтқарды.

Халық өздеріне Гедеонның патша болғанын қалады. Гедеон оған келіспеді, оның орнына мадияндықтардан алынған алтын сырғаларды сұрады. Сонда халық Гедеонға көп алтын әкеледі.

Гедеон сол алтыннан бас діни қызметкердің киіміне ұқсас ерекше киім жасап, оны өзінің туған қаласына апарып қояды. Сонда халық сол киімге жалған құдай ретінде табына бастайды. Гедеон қартайып қайтыс болғаннан кейін, халық қайтадан жалған құдайларға сиына бастайды. Сол үшін Құдай Исраил халқын жазалап, жауларының алдында жеңіліске ұшырауға жол береді. Ақыры исраилдіктер Құдайдан тағы көмек сұрайды, сонда Құдай оларға басқа би жібереді.

Осылай көп рет қайталанды: исраилдіктер күнә жасағанда Құдай оларды жазалайтын, кейін олар кешірім сұрағанда Құдай оларды құтқарып көмектесетін би жіберетін. Ұзақ жылдар бойы Құдай исраилдіктерге оларды жаулардан құтқаратын көптеген билер жіберген болатын.

Ақыры исраилдіктер Құдайдан басқа халықтардағыдай оларға да патша берсін деп сұрады. Олар өздерін соғысқа бастап алып баратын патшаны қалады. Құдайға халықтың бұл өтініші ұнамаса да, Ол сұрағандары бойынша оларға патша берді.

관련정보

생명의 말씀 - GRN 은 성경에 기반한 구원과 그리스도인의 삶에 대한 수천개의 오디오 복음 메시지를 가지고 있습니다.

무료 다운로드 - 여기에서 다운로드 가능한 여러 언어로 된 주요 GRN 메시지 스크립트, 그림 및 기타 관련 자료를 찾을 수 있습니다.

GRN 오디오 도서관 - 전도와 기본 성경 가르침을 위한 자료는 mp3, CD, 카세트 테이프 형태로 사람들의 필요와 문화에 맞추어졌습니다. 녹음은 성경이야기, 전도 메시지, 말씀 읽기, 노래를 포함하여 다양한 스타일로 구성되었습니다.

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons

Choosing the right audio or video format - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?