unfoldingWord 02 - Күнәнің пайда болуы
개요: Genesis 3
스크립트 번호: 1202
언어: Kazakh
주제: Sin and Satan (Sin, disobedience, Punishment for guilt)
청중: General
장르: Bible Stories & Teac
목적: Evangelism; Teaching
성경 인용: Paraphrase
지위: Approved
이 스크립트는 다른 언어로 번역 및 녹음을위한 기본 지침입니다. 그것은 그것이 사용되는 각 영역에 맞게 다른 문화와 언어로 조정되어야 합니다. 사용되는 몇 가지 용어와 개념은 다른 문화에서는 다듬어지거나 생략해야 할 수도 있습니다.
스크립트 텍스트
Адам ата мен оның әйелі Құдай жаратқан керемет бақта өте бақытты ғұмыр кешіп жүрді. Олар киімсіз жалаңаш еді, бірақ олар еш ұялмады. Себебі әлемде әлі күнә болмаған еді. Олар әрдайым бақта Құдаймен серуендеп әңгімелесіп жүретін.
Бірақ бақта жылан бар болатын. Ол өте қу еді. Жылан Хауа анадан: “Құдай сендерге бақтағы ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат бермегені рас па?” — деп сұрады.
Хауа ана жауап беріп былай деді: “Құдай бізге жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісінен басқа, барлық ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат берді және Ол бізге егер сол ағаштың жемісін жесеңдер, тіпті оған тисеңдер өлесіңдер! — деп ескертті.”
Жылан әйелге: “Жоқ, олай емес! Сендер өлмейсіңдер. Сендер бұл жемісті жеген сәтте-ақ Ол сияқты болатындарыңды Құдай біледі. Сонда ненің жақсы ал ненің жаман екенін ажырата аласыңдар.” — деді.
Әйел жемістің жеуге жақсы әрі көз тартарлықтай екенін көрді. Ол ақылды болғысы келіп оны жұлып жеді. Содан кейін жемісті күйеуіне берді, ол да жемісті жеді.
Кенеттен Адам мен оның әйелі барлығын басқаша көре бастап, өздерінің жалаңаш екендерін түсінді. Сонда олар өздеріне жапырақтан алжапқыш жасап алды.
Самал жел соғып тұрды. Адам ата мен Хауа ана , Құдайдың бақта жүргенін естіп тығылып калды. Кұдай адамды шақырып: “Адам, сен қайдасың?” деді. Ол: “Мен Сенің келе жатқаныңды естіп, қорқып кеттім, себебі мен жалаңаш едім, сондықтан тығылып қалдым”.
“Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштың жемісін жеп қойған жоқсың ба?” — деп сұрады Құдай. Адам былай жауап берді: “Сен маған осы әйелді бердің, ал ол маған сол ағаштың жемісін жеуге берді”. Сонда Құдай әйелге қарап: “неге олай істедің?” деп сұрады. Әйел: “Жылан мені азғырды” деп жауап берді.
Сонда Құдай жыланға: “Сені қарғыс атты! Енді сен бауырыңмен жорғалап, топырақ жейсің. Сендер қас жау боласыңдар. Ұрпақтарың да бір біріне дұшпан болады. Сен әйелдің ұрпағын өкшесінен шағып жаралайсың, ал ол сенің басыңды мыжитын болады”.
Содан кейн Құдай әйелге былай деді: “Сенің құрсақ көтерген кезіңді ауырлатамын, баланы қиналып босанатын боласың. Күйеуіңе құштар боласың, ал ол сені басқаратын болады”.
Құдай Адамаға былай деді: “Сен менің айтқанымды тыңдамай, әйеліңнің тілін алдың. Сондықтан наныңды қара термен еңбек етіп табатын боласың. Сен өліп, топыраққа айналасың”. Адам әйеліне өмір беруші, бүкіл адамзаттың түп анасы “Хауа ана” деген ат береді. Құдай Адам ата мен Хауа анаға аң терісінен жасалған киім жасап береді.
Құдай содан кейін былай дейді: “Енді адамдар, Біз сияқты, жақсы мен жаманды ажырата алады, сондықтан олар өмір ағашының жемісін жеп, мәңгі өмір сүру үшін жол бермеу керек”. Сөйтіп Құдай Адам ата мен Хауа ананы бақтан қуып жібереді. Өмір ағашының жемісін ешкім жемеу үшін, бақтың кіре берісіне күзетші періштелерін қойды.