unfoldingWord 10 - Он апат

unfoldingWord 10 - Он апат

개요: Exodus 5-10

스크립트 번호: 1210

언어: Kazakh

청중: General

장르: Bible Stories & Teac

목적: Evangelism; Teaching

성경 인용: Paraphrase

지위: Approved

이 스크립트는 다른 언어로 번역 및 녹음을위한 기본 지침입니다. 그것은 그것이 사용되는 각 영역에 맞게 다른 문화와 언어로 조정되어야 합니다. 사용되는 몇 가지 용어와 개념은 다른 문화에서는 다듬어지거나 생략해야 할 수도 있습니다.

스크립트 텍스트

Мысыр елінің патшасы Исраил халқын бостандыққа жіберуден бас тартатынын Құдай Мұсаға алдын ала ескерткен болатын. Мұса мен һарон перғауынның алдына барып: Исраилдің Құдайы саған: “Менің халқымды жібер!” — дейді. Бірақ перғауын оларды тыңдамады. Ол исраилдіктерді бостандыққа жібермей, керісінше оларды одан да көп жұмыс істеуге мәжбүрледі.

Мұса мен Һарон перғауынның алдына бірнеше рет барды, бірақ перғауын әрдайым халықты жіберуден бас тартты. Сонда Құдай Мысыр еліне он ауыр апат жіберді. Осы апаттармен перғауынды жазалау арқылы, Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты екенін көрсетті.

Бірінші апат ретінде Құдай Ніл өзенінің суын қанға айналдырды. Бірақ перғауын исраилдіктерді жібермеді.

Содан кейін Құдай Мысыр еліне бақаларды қаптатып жіберді. Перғауын Мұсадан оларды бақалардан құтқаруын өтінді. Бірақ Мұса Құдайға сиынғандықтан бақалар қырылып қалса да, перғауын жүрегін қасарыстырып алып, Исраил халқын Мысырдан жібергісі келмеді.

Сондықтан Құдай масаларды жіберіп, Мысырды жазалай бастады. Бірақ перғауын қасарысуын тоқтатпады. Кейін Құдай Мысыр еліне шыбын-шіркейді қаулатып жіберді. Сол кезде перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: “Егер бізді осы апаттан құтқарсаңдар мен исраилдіктерді бостамын!” — деді. Мұса сиынғаннан кейін Құдай Мысыр елін шыбын-шіркейлерден арылтты. Дегенмен перғауын қайтадан жүрегін қасарыстырып Исраил халқын жібермей қойды.

Сол уақытта Құдай мысырлықтардың малдарын жаппай қырып тастайтын індет жіберді. Перғауын тағы жүрегін қасарыстырып, исраилдіктерді жібермеді.

Содан кейін Құдай Мұсаға перғауынның алдына барып аспанға күл шашсын деп бұйырды. Мұса осыны жасағаннан кейін, мысырлықтардың денелерінде іріңді жаралар пайда болды, ал исраилдіктер аман қалды. Құдай перғауынның жүрегін қасарыстырып қойғандықтан ол қайтадан Исраил халқын жібермеді.

Содан кейін Құдай Мысыр еліне өнімдерінің басым бөлігін жоятын және далада жүрген күллі адамдар мен малдарды қыратын бұршақ жаудырады. Перғауын Мұса мен Һаронды шақыртып: “Мен күнә жасадым. Құдайға дұға етіп бұршақты тоқтатсаңдар мен сендерді жіберемін” — дейді. Мұса дұға еткеннен кейін бұршақ жаууын тоқтатты.

Бірақ перғауын қайтадан күнә жасап қырсығып алды. Ол Исраил халқын жібремей қояды.

Сонда Құдай Мысыр жеріне шегіртке қаптатады. Олар бұршақтан аман қалған егістіктің барлығын жалмап тастайды.

Содан соң Құдай үш күнге созылған қара түнек жіберді. Бүкіл мысыр жерін қараңғылық басқаны соншалық, олар үйлерінен шыға алмай қалды. Ал исраилдіктер тұратын аймақта жарық болды.

Тоғыз апаттан кейін де перғауын қасарысып исраилдіктерді Мысырдан жібергісі келмеді. Перғауын Құдайды тыңдағысы келмегендіктен, Құдай оларға тағы бір апат жіберуді ұйғарды. Осы апаттан кейін перғауын исраил халқын босатуға мәжбүр болады.

관련정보

생명의 말씀 - GRN 은 성경에 기반한 구원과 그리스도인의 삶에 대한 수천개의 오디오 복음 메시지를 가지고 있습니다.

무료 다운로드 - 여기에서 다운로드 가능한 여러 언어로 된 주요 GRN 메시지 스크립트, 그림 및 기타 관련 자료를 찾을 수 있습니다.

GRN 오디오 도서관 - 전도와 기본 성경 가르침을 위한 자료는 mp3, CD, 카세트 테이프 형태로 사람들의 필요와 문화에 맞추어졌습니다. 녹음은 성경이야기, 전도 메시지, 말씀 읽기, 노래를 포함하여 다양한 스타일로 구성되었습니다.

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons

Choosing the right audio or video format - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?