Тілді таңдаңыз

mic

unfoldingWord 36 - Исаның нұрлы салтанатымен көрінуі

unfoldingWord 36 - Исаның нұрлы салтанатымен көрінуі

Контур: Matthew 17:1-9; Mark 9:2-8; Luke 9:28-36

Сценарий нөмірі: 1236

Тіл: Kazakh

Аудитория: General

Мақсат: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

Күй: Approved

Сценарийлер басқа тілдерге аудару және жазу үшін негізгі нұсқаулар болып табылады. Оларды әр түрлі мәдениет пен тілге түсінікті және сәйкес ету үшін қажетінше бейімдеу керек. Пайдаланылған кейбір терминдер мен ұғымдар көбірек түсіндіруді қажет етуі немесе тіпті ауыстырылуы немесе толығымен алынып тасталуы мүмкін.

Сценарий мәтіні

Бір күні Иса дұға ету үшін биік тауға көтерілді. Ол Өзімен бірге үш шәкіртін: Петір, Жақып және Жоханды ертіп алған еді.

Иса тауда дұға етіп тұрғанда Оның бет-әлпеті күндей жарқырап кетті. Оның киімдері нұрланып, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болды.

Кенеттен жүздеген жылдар бұрын жер бетінде өмір сүрген Мұса мен Ілияс пайғамбар пайда болды. Сонда олар Исамен Оның Иерусалимдегі өлімі жайлы сөйлесіп тұрды.

Мұса мен Ілияс Исамен сөйлесіп тұрғанда, Петір Исаға: “Осы жерде болғанымыз сондай жақсы! Үш күрке жасайық: бірі Саған, бірі Мұсаға, бірі Ілиясқа” — деді. Қорыққаннан Петірдің өзі не айтып тұрғанын түсінбеді.

Петір әлі де сөйлеп жатқанда, олардың үстіне жарқыраған бұлт түсіп, олар бұлттың ішінде қалды. Сонда бұлттың арасынан: “Бұл Менің сүйікті Ұлым! Оған ризамын. Оны тыңдаңдар” — деген дауыс естілді. Шәкірттердің үшеуі қатты қорыққандарынан етпеттерінен жерге құлап түсті.

Сонда Иса оларға қолын тигізіп: “Қорықпаңдар! Тұрыңдар!” — деді. Олар жан-жағына қарағанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.

Содан кейін Иса үш шәкіртімен таудан түседі. Иса оларға: “Мұнда көргендеріңді ешкімге тіс жарып айтпаңдар. Мен жақында өлемін, бірақ қайта тірілетін боламын. Сол кезде ғана адамдарға айтсаңдар болады” — деді.

Қатысты ақпарат

Өмір сөздері - Құтқару және христиандық өмір туралы Киелі кітапқа негізделген хабарларды қамтитын мыңдаған тілдердегі аудио ізгі хабарлар.

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons