unfoldingWord 41 - Құдайдың Исаны өлімнен қайта тірілтуі
概要: Matthew 27:62-28:15; Mark 16:1-11; Luke 24:1-12; John 20:1-18
スクリプト番号: 1241
言語: Kazakh
観客: General
目的: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
状態: Approved
スクリプトは、他の言語への翻訳および録音の基本的なガイドラインです。スクリプトは、それぞれの異なる文化や言語で理解しやすく、関連性のあるものにするために、必要に応じて適応させる必要があります。使用される用語や概念の中には、さらに説明が必要な場合や、完全に置き換えたり省略したりする必要がある場合もあります。
スクリプトテキスト
Жасақшылар Исаны айқышқа шегелегеннен кейін, басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Пилатқа келіп: “Әлгі алдамшы тірі кезінде “үш күннен кейін өлімнен қайта тірілемін” деген болатын. Сондықтан қабірді үшінші күнге дейін күзетуге бұйыра көріңіз. Әйтпесе Оның шәкірттері сүйегін алып кетіп, халыққа “өлімнен қайта тірілді” деп жүрулері мүмкін” — деді.
Пилат: “Қарауыл тобын алыңдар. Барып, қабірді өздерің білгендеріңше күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңдер” — деді. Олар барып, Исаның денесін ешкім ұрлап кетпеу үшін қақпақ тасты мөрмен бекітіп, мазардың айналасына күзетшілерді қойып кетті.
Иса өлгеннен кейінгі күн демалыс күні болатын. Бұл күні жұмыс істеуге және кез-келген кәсіппен айналысуға тыйым салынған болатын, сондықтан Исаның шәкірттері Оның қабіріне бармады. Ал демалыс күнінен кейінгі келесі күні, бірнеше әйел таңертең ерте Исаның қабіріне баруға шешім қабылдады. Олар Оның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайларын дайындады.
Әйелдер қабірге жеткен бойда қатты жер сілкінісі басталды. Осы кезде аспаннан бір періште түседі. Ол қабірдің аузын жауып тұрған тасты домалатып, үстіне отырды. Періште найзағайдай жарқырап тұрды. Қабір басындағы күзетшілер оны көріп, қорқып, өліп қалғандай жерге құлап түсті.
Әйелдер қабірге келгенде, олар да періштені көрді. Періште әйелдерге: “Менен қорықпаңдар. Сендер Исаны іздеп келгендеріңді білемін, бірақ Ол мұнда жоқ. Өзі айтқандай Ол өлімнен қайта тірілді! Қабірге кіріп өздерің қараңдар”. Әйелдер қабірге кіргенде Исаның жатқан орнын көрді, бірақ Исаның денесі сол жерде болмады!
Періште әйелдерге былай деді: “Енді барып Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: “Иса өлімнен қайта тірілді, Ол сендерді Ғалилеяда күтіп алады””.
Әйелдер таңқалып қуанып кетті. Олар осы Жақсы хабарды Исаның шәкірттеріне айту үшін жүгіріп кетеді.
Әйелдер әлі жолда келе жатқанда кенет алдарында Иса пайда болады. Олар жерге жығылып Оның аяғын құшақтады. Иса былай деді: “Қорықпаңдар. Менің шәкірттеріме барып, Ғалилеяға аттансын деп айтыңдар. Сол жерде олар Мені көреді”