unfoldingWord 21 - Мәсіх туралы Құдайдың уәдесі
スクリプト番号: 1221
言語: Kazakh
観客: General
目的: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
状態: Approved
スクリプトは、他の言語への翻訳および録音の基本的なガイドラインです。スクリプトは、それぞれの異なる文化や言語で理解しやすく、関連性のあるものにするために、必要に応じて適応させる必要があります。使用される用語や概念の中には、さらに説明が必要な場合や、完全に置き換えたり省略したりする必要がある場合もあります。
スクリプトテキスト
Құдай осы әлемді жаратқан кезде, болашақта осы жерге Мәсіхті жіберетінін білген еді. Осыны ол Адам ата мен Хауа анаға уәде етті. Әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды деген еді. Сол жылан шайтан болатын. Ол жыланның кейпінде келіп Хауа ананы алдады. Құдай әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды дегенде, Ол Мәсіхтің осы жерге келіп шайтанды толықтай талқандайтыны туралы айтқан болатын.
Құдай Ыбырайымға сенің ұрпағың арқылы барлық халықтар баталы болады деген уәде берді. Құдай болашақта Мәсіхті жібергенде осы уәделі баталарды орындайды. Мәсіх басқа халықтардан шыққан адамдарды күнәларынан құтқарады.
Құдай Мұсаға болашақта өзіңе ұқсас пайғамбарды жіберемін деп уәде еткен болатын. Осылай Құдай Мәсіхті жіберетіні туралы тағы да уәде берді.
Құдай Дәуітке де сенің ұрпағыңнан шыққан біреу Мәсіх болады деген уәде берген болатын. Құдай: “Осы Ұрпақ Патша болып, Құдайдың халқына мәңгі билік құрады” — деді.
Құдай Еремея пайғамбарға адамдармен жаңа келісімге тұратынын айтты. Синай тауында Құдайдың Исраилмен жасаған көне келісімге қарағанда, жаңа келісімде адамдар Құдайды жеке тани алады. Құдай Өзі осы заңдарды адамдардың болмысына енгізіп, жүректеріне жазып қоятынын айтты. Осындай әрбір адам Құдайды сүйіп, Оның заңдарын орындауға ұмтылатын болады. Ол олардың Құдайы, ал олар Оның халқы болады, Құдай олардың күнәларын кешіреді, әрі ешқашан есіне алмайтын болады. Мәсіх адамдармен осы жаңа келісімге отырады.
Оған қоса Құдайдың пайғамбарлары болашақта келетін Мәсіхтің пайғамбар, діни қызметкер мен патша болатынын айтты. Пайғамбар — ол Құдайдың сөзін естіп оны халыққа жеткізетін адам. Құдай уәде еткен Мәсіх кемелді пайғамбар болады. Ол Құдайдың сөзін толықтай естіп, оны түсініп, адамдарға үйрететін болады.
Исраилдің діни қызметкерлері халық үшін дұға етіп, халықтың атынан құрбандық алып келетін. Осы құрбандықтар адамдардың күнәларына бола келетін жазадан құтқару үшін берілетін. Адамдар діни қызметкерлерге мінсіз малдарды алып келді, ал діни қызметкерлер сол малдарды Құдайға құрбандыққа шалды. Мәсіх Өзін Құдайға мінсіз құрбандыққа беретін, кемелді бас діни қызметкер болуы керек еді. Бұл Мәсіхтің күнәсіз болатынын және Өзін құрбандыққа беретінін білдіреді, бұдан кейін күнәлардың құны үшін басқа құрбандықтар қажет болмайды.
Әрбір халықтың өз патшасы және билері болған. Олар қателіктер жасап көбінесе Құдайды тыңдамайтын. Дәуіт исраилдіктерге ғана билік құрған болса, Дәуіттің Ұрпағы Мәсіх бүкіл әлемді басқаратын болады. Ол әділдікпен, даналықпен мәңгі билік құратын болады.
Құдайдың пайғамбарлары Мәсіхтің кандай болатынын әңгімелеп айтатын. Малахи пайғамбар былай айтқан еді, Мәсіхтің алдында Ілияс пайғамбар келеді. Оның қызметі аса маңызды болады. Ишая пайғамбар Мәсіх ешқашан еркекпен жақындаспаған қыздан туылады деген болатын. Ал Миха пайғамбар Мәсіх Бетлехем қаласында туылады деп айтқан.
Ишая пайғамбар Мәсіх Ғалилей өлкесінде тұрады деп айтқан еді. Ол қасіретке батқан адамдарды жұбатады және тұтқындарды босататын болады. Оған қоса Мәсіх ауру адамдарды сауықтырып, тіпті ести алмайтын, көре алмайтын және жүре алмайтын адамдарды емдейтін болады.
Сонымен қоса Ишая пайғамбар Мәсіхті себепсіз жек көріп, Оны қабылдаудан бас тартатын болады деп айтқан. Мәсіхтің жақын адамы опасыздық жасайды деп пайғамбарлар айтқан еді. Опасыздық жасағаны үшін сол адам отыз күміс теңге алатын болады деп Зәкәрия пайғамбар айтты. Ал басқа да пайғамбарлар былай деп айтқан, адамдар Мәсіхті өлтіреді де, Оның киімін бөлісіп алу үшін жеребе лақтыратын болады.
Пайғамбарлар Мәсіхтің қандай өліммен өлетінін болжаған еді. Ишая пайғамбар: адамдар Оның бетіне түкіріп, балағаттап, ұрып-соғады. Олар Мәсіхке найза сұғып, Ол ешқандай зұлымдық жасамаса да азап шегіп өлетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар пайғамбарлар Мәсіх еш күнәсіз таза жан болады деп айтқан болатын. Ол кемшіліксіз кемелді адам болады. Бірақ Құдай бүкіл адамзаттың күнәлары үшін Мәсіхті жазалағандықтан, Ол өледі. Оның өлімі адамдармен Құдайды татуластырады. Сол себепті Құдайдың жоспары бойынша Мәсіх өлу керек еді.
Сонымен қатар пайғамбарлар Құдай Мәсіхті өлімнен қайта тірілтеді деп айтқан болатын. Туған кезде Мәсіхке Иса деген есім береді. Исаның өліп, қайта тірілуі Жаңа Келісімді бекітеді. Құдайдың жоспары осындай болған еді. Осылай Құдай Өзіне қарсы күнә жасаған адамдарды құтқаруды жоспарлады.
Көптеген пайғамбарлар Мәсіх туралы көп шындық айтып кеткен болатын, бірақ олардың ешқайсысы Мәсіхті көре алмай кетті. Соңғы пайғамбарлық сөздердің айтылғанына төрт жүз жыл өтті. Осылай Өзінің белгілеген уақытында Құдайдың әлемге Мәсіхті жібереді.