unfoldingWord 47 - Пауыл мен Сыйластың Філіпіге баруы

unfoldingWord 47 - Пауыл мен Сыйластың Філіпіге баруы

Schema: Acts 16:11-40

Numero di Sceneggiatura: 1247

Lingua: Kazakh

Pubblico: General

Scopo: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

Stato: Approved

Gli script sono linee guida di base per la traduzione e la registrazione in altre lingue. Dovrebbero essere adattati come necessario per renderli comprensibili e pertinenti per ogni diversa cultura e lingua. Alcuni termini e concetti utilizzati potrebbero richiedere ulteriori spiegazioni o addirittura essere sostituiti o omessi completamente.

Testo della Sceneggiatura

Саул Рим империясын аралап, Мәсіх туралы уағыздап жүрген кезде оны римдік атымен Пауыл деп атайтын. Бір күні Пауыл мен оның досы Сыйлас Иса Мәсіх туралы уағыздау үшін Філіп қаласына барды. Олар сенушілер жиналып, дұға ететін қала сыртындағы өзенге келді. Солардың арасында қымбат маталар сататын Лүдия есімді әйел болды. Лүдия Құдайды сүйіп, Оған сиынатын.

Құдай Пауылдың уағыздарын түсінуге Лүдияның жүрегін ашты. Содан ол Исаға сенді. Пауыл мен Сыйлас Лүдияны және оның отбасын шомылдыру рәсімінен өткізді. Осыдан кейін ол елшілерді өз үйіне шақырып, оның үйінде қонуды ұсынды. Олар келісті.

Пауыл мен Сыйлас адамдармен бірге дұға ету үшін жиі кездесетін. Бір жолы олар сол жерге бара жатқан кезде оларға сәуегейлік жасайтын жыны бар бір малай қыз кез болды. Сол қыз өзінің арам көріпкелдігімен қожайындарына көп ақша түсіреді екен.

Әр күні әлгі қыз Пауыл мен Сыйластың арттарынан қалмай: “Мына кісілер — Жаратушы Құдайдың қызметшілері. Олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!” — деп айқайлап жүрді. Ол әр күні осылай еткендіктен Пауыл содан шаршап кетті.

Бір күні малай қыз тағы да айқайлай бастағанда, Пауыл оған бұрылып, оның ішіндегі зұлым рухқа: “Исаның атымен, одан шық!” — деді. Зұлым рух сол сәтте-ақ малай қыздың бойынан шығып кетті.

Малай қыздың қожайындары қатты ашуланды. Олар бұл зұлым рухсыз малай қыздың болашақты болжай алмайтынын түсінді. Ал бұл өздерінің пайда көзінен айырылғанын білдірді.

Малай қыздың қожайындары Пауыл мен Сыйласты римдік билердің алдына әкеліп, оларды қалада бүлік туғызып жүр деп айыптады. Бұл айыптауларға қалың жұртшылық та қосылды. Билер елшілерді таяқпен дүре соқтырып, түрмеге тастауды бұйырды.

Түрменің күзетшілері Пауыл мен Сыйласты ішкі зынданға отырғызып, аяқтарын ағаш қысқыштармен бұғаулап қойды. Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайды мадақтап, ән айта бастады.

Кенеттен қатты жер сілкінісі басталды. Түрменің барлық есіктері айқара ашылып, барлық тұтқындардың аяқтарындағы шынжырлары шешіліп, түсіп қалды.

Түрме бастығы оянып, есіктердің ашық екенін көрді. Ол тұтқындардың барлығы қашып кетті деп ойлап, қатты қорқып, өзін өлтірмекші болады. Өйткені қашып кеткен тұтқындар үшін оны өлім жазасына кесуші еді. Пауыл осыны көріп: “Тоқта! Өзіңе қол жұмсама. Біз бәріміз осындамыз — деді.”

Түрме бастығы қорыққанынан дірілдеп, Пауыл мен Сыйластың қасына барып, оларды түрмеден шығарады. Содан кейін былай деп сұрайды: “Құтқарылуым үшін не істеуім керек?” Сонда Пауыл: “Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!” — деп жауап қайтты. Түрме бастығы Пауыл мен Сыйласты өз үйіне апарып, жараларын жуды. Пауыл сол үйдегілерге Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.

Түрме бастығы мен оның бүкіл үй іші Исаға сенді. Пауыл оларды шомылдыру рәсімінен өткізді. Содан кейін, түрме бастығы Пауыл мен Сыйласты тамақтандырып, бүкіл үй ішімен бірге Құдайға сенгендеріне қатты қуанды. Ал Пауыл мен Сыйлас түрмеге қайта оралды.

Келесі күні Пауылдың Римнің азаматы екенін естігенде әкімшілер Пауыл мен Сыйласты босатып, Філіптен кетулерін сұрады. Олар Лүдия мен басқа да достарына қонаққа барғаннан кейін қаладан кетіп қалды. Иса туралы Ізгі хабар кең тарай бастады, ал қауым болса өсіп жатты.

Пауыл мен қауым жетекшілері көптеген қалаларды аралап, Иса туралы уағыздап, адамдарға тәлім беріп жүрді. Олар сенушілерді жігерлендіріп тәлім беру үшін әртүрлі қауымдарға көптеген хаттар жазды. Кейбір хаттар Киелі кітапқа енді.

Informazioni correlate

The GRN Audio Library - Evangelistic and basic Bible teaching material appropriate to the people's need and culture in a variety of styles and formats.

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares its audio, video and written scripts under Creative Commons