unfoldingWord 33 - Диқан туралы әңгіме
રૂપરેખા: Matthew 13:1-23; Mark 4:1-20; Luke 8:4-15
સ્ક્રિપ્ટ નંબર: 1233
ભાષા: Kazakh
પ્રેક્ષકો: General
શૈલી: Bible Stories & Teac
હેતુ: Evangelism; Teaching
બાઇબલ અવતરણ: Paraphrase
સ્થિતિ: Approved
સ્ક્રિપ્ટો અન્ય ભાષાઓમાં અનુવાદ અને રેકોર્ડિંગ માટે મૂળભૂત માર્ગદર્શિકા છે. દરેક અલગ-અલગ સંસ્કૃતિ અને ભાષા માટે તેમને સમજી શકાય તેવું અને સુસંગત બનાવવા માટે તેઓને જરૂરી અનુકૂલિત કરવા જોઈએ. ઉપયોગમાં લેવાતા કેટલાક શબ્દો અને વિભાવનાઓને વધુ સમજૂતીની જરૂર પડી શકે છે અથવા તો બદલી અથવા સંપૂર્ણપણે છોડી દેવામાં આવી શકે છે.
સ્ક્રિપ્ટ ટેક્સ્ટ
Бір күні Иса көлдің жағасына барып, барша халыққа тәлім берді. Оны тыңдауға келген халықтың көп болғаны сонша, жағадан шегініп тұру үшін Иса суда тұрған қайыққа мінді. Сонда адамдар оны жақсы көре де, ести де алатын болды. Қайыққа жайғасқаннан кейін Ол халыққа тәлім бере бастады.
Иса адамдарға мына астарлы әңгімені айтып берді: “Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, оларды шоқып жеп қояды.
Басқа тұқымдар топырағы аз тастақ жерге түседі. Тастақ жерге түскен тұқым тез көктеп шығады, бірақ тамырын терең жая алмайды. Алайда күн шығып, ыстық болған кезде сабақтары күйіп, қурап қалады.
Тікенді бұталардың арасына түскен дәндер де болды. Бұл тұқымдар өне бастағанда тікенектер оларды тұншықтырып өсірмей қойды. Сондықтан тікенектер арасында өскен өсімдіктер ешқандай өнім бермеді.
Құнарлы топыраққа түскен тұқымдар да болды. Олар өсіп, себілген тұқымдардан отыз, алпыс, тіпті жүз есе көп өнім берді. Кім Құдайдың артынан ергісі келсе, Менің айтқандарыма құлақ ассын!”
Шәкірттері бұл әңгімені түсінбеген еді, бірақ олар оңаша қалғанда Иса оларға мағынасын түсіндірді: “Тұқым — бұл Құдайдың сөзі. Жол бойына түскендері — ол Құдайдың сөзін естіп, бірақ оны түсінбеген адамдарды бейнелейді. Адамдар сенбесін, құтқарылмасын деп, шайтан олардан Құдайдың сөзін ұрлап алып кетеді.
Тастақ жер — ол Құдайдың сөзін естігенде оны қуанышпен қабылдайтын адамды бейнелейді. Бірақ қиыншылық көргенде немесе басқа адамдардан зардап шеккенде, ол Құдайдан алыстап кетеді. Сөйтіп ол Құдайға сенім артуын тоқтатады.
Тікенді жер — ол Құдайдың сөзін естіген адамды бейнелейді. Бірақ ол әр нәрсеге бола уайымдап, көп ақша табуға және дүние-мүлік жинауға тырыса бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін оның Құдайға деген сүйсіпеншілігі суып қалады. Енді Құдайдың сөзінен үйренген нәрселердің бәрі Құдайға ұнамды өмір сүруге көмектеспейді. Бұндай адам дәні жоқ бидай сабағына ұқсас.
Бірақ құнарлы жердегі дәндер — ол Құдайдың сөзін естіп, сенгеннен кейін өнім беретін адамды бейнелейді”.