unfoldingWord 34 - Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі
રૂપરેખા: Matthew 13:31-46; Mark 4:26-34; Luke 13:18-21;18:9-14
સ્ક્રિપ્ટ નંબર: 1234
ભાષા: Kazakh
પ્રેક્ષકો: General
હેતુ: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
સ્થિતિ: Approved
સ્ક્રિપ્ટો અન્ય ભાષાઓમાં અનુવાદ અને રેકોર્ડિંગ માટે મૂળભૂત માર્ગદર્શિકા છે. દરેક અલગ-અલગ સંસ્કૃતિ અને ભાષા માટે તેમને સમજી શકાય તેવું અને સુસંગત બનાવવા માટે તેઓને જરૂરી અનુકૂલિત કરવા જોઈએ. ઉપયોગમાં લેવાતા કેટલાક શબ્દો અને વિભાવનાઓને વધુ સમજૂતીની જરૂર પડી શકે છે અથવા તો બદલી અથવા સંપૂર્ણપણે છોડી દેવામાં આવી શકે છે.
સ્ક્રિપ્ટ ટેક્સ્ટ
Иса Құдай Патшалығы туралы әртүрлі әңгімелерді айтып беріп отырды. Мысалы, Ол былай деді: “Құдай Патшалығы бір адамның егістігіне еккен қыша дәніне ұқсас. Қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі майда екенін білесіздер.
Бірақ қыша дәні өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, үлкен ағашқа айналады. Сонда бұтақтарына құстар ұшып келіп, ұяларын салады”.
Иса оларға келесі бір әңгімені де айтып берді: “Құдай Патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер ұнға аздаған ашытқы қосқан соң, ол барлық қамырды ашытып, көтереді.
Сондай-ақ Құдай Патшалығы егіндік жерде жасырылған қазына іспетті. Бір адам бұл қазынаны тауып алып, оны өзіне алғысы келді. Ешкім тауып алмасын деп оны қайтадан жерге көміп қояды. Содан кейін қазынаны тапқанына қуанып, өзіндегі барын сатып, ақшасына қазына жасырылған егіндік жерді сатып алады.
Құдай Патшалығы тағы мінсіз інжу-маржан іздеген саудагерге ұқсайды. Құнды інжу-маржанды тауып алған соң, барын сатып, оны сатып алады”.
Исаның соңынан ерген халықтың арасында ізгі істер істеп жүргендіктен, өздерінің әділдіктеріне сенім артқан адамдар болды. Бұл кісілер жақсылық істемегендерге менсінбей қарайтын. Иса оларға мына оқиғаны айтып берді: “Екі адам ғибадатханаға дұға ету үшін келді. Олардың бірі салық жинаушы, екіншісі парызшыл болатын.
Парызшыл былай деп дұға етті: “Басқа адамдар сияқты қарақшы, өтірікші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшы сияқты күнәкар болмағаным үшін Құдай Саған ризашылығымды білдіремін.
Мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, бар тапқан табыстарымның оннан бір бөлігін Саған беріп тұрамын.”
Ал салық жинаушы болса парызшылдан алыстау жерде тұрды. Ол тіпті басын көкке көтеруге дәті бармай, кеудесін соғып, былай деп мәнажат етті: “Құдай, мен күнәкармын, кешіре гөр мені!””
Иса былай деді: “Құдай парызшылды емес, салық жинаушыны ақтап алады. Себебі өзін-өзі жоғары санаған төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады”.