unfoldingWord 23 - Исаның дүниеге келуі
Grandes lignes: Matthew 1-2; Luke 2
Numéro de texte: 1223
Langue: Kazakh
Audience: General
Objectif: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
Statut: Approved
Les scripts sont des directives de base pour la traduction et l'enregistrement dans d'autres langues. Ils doivent être adaptés si nécessaire afin de les rendre compréhensibles et pertinents pour chaque culture et langue différente. Certains termes et concepts utilisés peuvent nécessiter plus d'explications ou même être remplacés ou complètement omis.
Corps du texte
Мәриям Жүсіп есімді әділ жігітке айттырылып қойылған еді. Ол Мәриямның аяғы ауыр екендігін білгенде, оған жаны ашып, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде періште түсінде оған келіп аян берді.
Періште оған: “Жүсіп, Мәриямға үйленуден қорықпа. Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям ұл таппақ, Оның атын Иса (Жаратқан Ие құтқарады деген мағынада) деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады”, — деді.
Жүсіп Мариямға үйленіп, оны өз үйіне әкелді, бірақ ол босанып, Ұлын тапқанша Жүсіп онымен жақындасқан жоқ.
Сол уақыттары Рим әміршісі Исраил адамдарын санақтан өткізуді ұйғарды. Ол әркім өз ата-бабаларының тұратын жерлеріне барсын деп бұйырады. Мәриям мен Жүсіптің ата-бабалары Бетлехемде туылған Дәуіт патша еді. Сондықтан олар сонда аттанды, сол жерде Мәриямның босанатын уақыты келді.
Бетлехемде Мәриям мен Жүсіптің малдар тұратын қорадан басқа түнейтін жерлері болмады. Сол жерде Мәриям нәрестені босанады. Ол жерде төсек болмағандықтан, ол Оны ақырға жатқызады. Мәриям мен Жүсіп нәрестені Иса деп атайды.
Сол түні алыс емес жерде бірнеше малшы өз отарларына қарап жатқан еді. Кенеттен олардың алдында жарқыраған періште пайда болды. Малшылар қатты қорқып кетті, бірақ періште оларға: “Қорықпаңдар, мен сендерге жақсы хабар әкелдім. Иеміз Мәсіх Бетлехемде дүниеге келді!
Сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер” — дейді. Кенеттен аспан періштелерге толып кетті. Олар Құдайды мадақтап былай деді: “Көктегі Әкемізге бар мадақ! Ал Жер бетінде Сенің тыныштығың және адамдарға деген мейірімің!”
Кейін періштелер көкке көтеріліп малшылырдан алыстап кетті. Малшылар қойларын тастап, Нәрестені көруге асықты. Көп ұзамай олар періштелер айтқан жерге келіп, ақырда жатқан Исаны тапты. Олар қатты қобалжыған еді. Малшылар Жүсіп пен Мәриямға Сәби туралы періштелерден естігендерін айтып берді. Көрген естігендері үшін олар Құдайды мадақтап өрісте жүрген қойларына қайтып кетті.
Алыс шығыс елінде ғұламалар өмір сүрді. Олар жұлдыздарды зерттейтін. Бір күні сол ғұламалар аспанда ерекше бір жұлдызды байқайды. Бұл жұлдыздың яһуди Патшасының дүниеге келгенін көрсететінін түсінді. Сондықтан олар сол Патшаға тағзым ету үшін жолға шығады. Ұзақ жолдан кейін олар Иса мен Оның отбасы өмір сүрген Бетлехем қаласына келеді.
Ғұламалар нәресте мен анасын көрген кезде Оған бас иіп тағзым етті. Содан кейін ғұламалар Исаға бағалы сый тартуларын ұсынып, үйлеріне оралды.