unfoldingWord 13 - Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі

unfoldingWord 13 - Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі

Grandes lignes: Exodus 19-34

Numéro de texte: 1213

Lieu: Kazakh

Audience: General

Objectif: Evangelism; Teaching

Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture

Statut: Approved

Les scripts sont des directives de base pour la traduction et l'enregistrement dans d'autres langues. Ils doivent être adaptés si nécessaire afin de les rendre compréhensibles et pertinents pour chaque culture et langue différente. Certains termes et concepts utilisés peuvent nécessiter plus d'explications ou même être remplacés ou complètement omis.

Corps du texte

Құдай исраилдіктерді Қызыл теңізден өткізгеннен кейін оларды шөл дала арқылы Синай тауына әкелді. Дәл осы тауда Мұса жанып тұрған бұтаны көрген еді. Халық Синай тауының етегіне орналасты.

Құдай Мұса мен Исраил халқына: “Егер Менің айтқандарымды тыңдап, оны орындасаңдар онда Мен сендермен келісім жасап, сендер Менің құнды меншігім, діни қызметкерлерім және қасиетті халқым боласыңдар!” — деді.

Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге халықты дайындасын деп бұйырды. Халық Құдаймен кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Ол келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаға тауға көтеріл дегенде, Мұса тауға көтеріліп кетті.

Тауда Құдай халықпен келісім жасасып оларға он өсиет берді. Ол былай деді: Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен сендерді Мысырдың құлдығынан құтқардым. Жалған құдайларға табынбаңдар.

“Жалған тәңір бейнелерін жасап, оларға бас иіп табынба. Өйткені Мен Жаратқан Иемін, Өзімнен басқа тәңірлерің болмасын. Менің атымды орынсыз аузыңа алма. Сенбі күн — Маған бағышталған қасиетті күн екенін естеріңнен шығармаңдар. Басқаша айтқанда, алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күні демалып, Құдай Иең туралы терең ойланатын бол”.

“Ата — анаңды құрметте. Кісі өлтірме. Неке адалдығын бұзба. Ұрлық жасама. Өтірік айтпа. Басқаның әйеліне, үйіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне сұқтанба”.

Бүкіл халық бірауыздан Құдай берген өсиеттерді орындауға келісті. Барлығы тек Құдайға ғана бас иіп құлшылық етеміз және Оның меншігі боламыз деп келісім берді.

Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге үлкен шатырды — киелі шатырды жасаңдар деді. Оны қалай салу керектігін және ішіне не қою керектігін түсіндіріп берді. Құдай оларға шатырдың ішін екіге бөліп тұратын шымылдық орнатыңдар деп бұйырды. Құдай шымылдықтың артында тұрған бөлмеге келіп, сол жерді мекендейтін болды. Сол бөлмеге бас діни қызметкерге ғана кіруге рұқсат берілген еді.

Құдай Өзінің діни қызметкерлері ретінде Мұсаның ағасы Һаронды және оның ұрпақтарын таңдайды. Киелі шатырдың алдында халық құрбандық шалатын орын салу керек еді. Құдайдың заңын бұзған әрбір адам құрбандық шалатын орынға мал әкелу керек. Діни қызметкер сол малды Құдайға арнап құрбандыққа шалып өртеу керек еді. Құдай былай дейді, осы малдың қаны адамның күнәсын өтейді. Адам сол құрбандығы арқылы Құдай алдында тазарады.

Құдай Өз халқына көптеген өсиеттер мен ережелер берді. Оның заңдарын орындағандарды, жарылқап корғаймын деп уәде береді. Ал заңдарды орындамағандарды Құдай жазалаймын деп уәде етеді. Құдай екі тас тақтайшаларға он өсиет жазып, Мұсаға Синай тауына шығып сол тақтайшаларды алсын деп бұйырады.

Мұса Синай тауында Құдаймен сөйлесіп көптеген күндер өткізеді. Адамдар Мұсаның оралуын күтіп шаршайды. Олар Һаронға алтын әкеліп, сиынып жүрген Құдайдың орнына жалған құдайды жасасын деп сұрайды. Солай адамдар Құдайға қарсы үлкен күнә жасады.

Һарон алтыннан жалған тәңір ретінде бұқа мүсінін жасады. Халық сол мүсінге табынып, құрбандық әкеле бастайды. Құдай осы күнәлары үшін оларға қатты ашуланды. Құдай Мұсаға оларды жойғысы келетіні туралы айтты. Мұса оларды өлтірмесін деп Құдайға дұға етеді. Құдай Мұсаның дұғасын естіп, халықты құртпауға шешім қабылдайды.

Синай тауынан түскен кезде Мұсаның қолында Құдай он өсиет жазып берген екі тақташа болды. Мұса жалған тәңірді көріп, қатты ашуланып кетеді де тас тақташаларды сындырып тастайды.

Содан кейін Мұса жалған тәңір мүсінін өртеп, ұнтақтап тастайды. Ұнтағын суға лақтырып, сол суды халыққа ішкізді. Осылай Құдай Исраил халқына ауыр апат жіберіп, көп адам қырылып қалады.

Құдай Мұсаға сынған тақташалардың орнына Он өсиет жазылған жаңа тақташалар жаса деп бұйырды. Мұса Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Ол қайтадан тауға шығып исраилдіктер үшін мінәжат етеді. Құдай Мұсаның мінәжатын естіп, Исраил халқын кешіріп, жаңа тақташаларға Он өсиет жазып береді. Мұса осы тақташалармен таудан қайтып келеді. Содан кейін Құдай исраилдіктерді Синай тауынан уәделі жерге апарады.

Informations reliées

Mots de Vie - GRN présente des messages sonores évangéliques dans des milliers de langues à propos du salut et de la vie chrétienne.

Téléchargements gratuits - Ici vous allez trouver le texte pour les principaux messages GRN en plusieurs langues, plus des images et autres documents prêts à télécharger

La collection d'Enregistrements de GRN - Matériel d'évangélisation et d'enseignement biblique de base adapté aux besoins et à la culture du peuple, dans une variété de styles et de formats.

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons