unfoldingWord 37 - Исаның Елазарды өлімнен қайта тірілтуі
রূপরেখা: John 11:1-46
লিপি নম্বর: 1237
ভাষা: Kazakh
শ্রোতা: General
উদ্দেশ্য: Evangelism; Teaching
Features: Bible Stories; Paraphrase Scripture
সামাজিক মর্যাদা: Approved
অন্যান্য ভাষায় অনুবাদ এবং রেকর্ড করার জন্য স্ক্রিপ্টগুলি মৌলিক নির্দেশিকা। প্রতিটি ভিন্ন সংস্কৃতি এবং ভাষার জন্য তাদের বোঝার জন্য এবং প্রাসঙ্গিক করে তোলার জন্য তাদের প্রয়োজনীয় হিসাবে উপযোগী করা উচিত। ব্যবহৃত কিছু শর্তাবলী এবং ধারণাগুলির আরও ব্যাখ্যার প্রয়োজন হতে পারে বা এমনকি সম্পূর্ণরূপে প্রতিস্থাপন বা বাদ দেওয়া যেতে পারে।
লিপি লেখা
Сол уақытта Елазар есімді бір адам өмір сүрген еді. Оның Мәриям және Марта деген екі әпкесі болған еді. Елазар, Марта және Мәриям Исаның жақын достары болды. Бір күні Исаға Елазардың қатты науқастанып жатқаны туралы хабар келді. Иса мұны естігенде: “Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, осының арқасында адамдар Құдайды мадақтайтын болады” — деді.
Иса Өзінің достарын жақсы көруші еді, бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды. Бұдан кейін Иса шәкірттеріне: “Яһудея аймағына қайта оралайық” — деді. Ал шәкірттері: “Ұстаз, Яһудеяда тұратын адамдар жақын арада ғана Сізді өлтіргісі келіп еді ғой!” — деді. Иса: “Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын” — деп жауап берді.
Исаның шәкірттері: “Ұстаз, Елазардың ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады”, — деп жауап берді. Сонда Иса оларға тікелей: “Елазар өлді. Бірақ мен сол жерде болмағаныма қуаныштымын, өйткені енді сендер Маған міндетті түрде сенесіңдер.” — деді.
Иса достары тұратын ауылға келгенде, Елазардың қайтыс болғанына төрт күн өткен еді. Марта Исаның алдынан шығып: “Ұстаз, егер Сіз осында болсаңыз, менің бауырым өлмес еді. Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз, оны Сізге беретінін білемін” — деді.
Иса былай деп жауап берді: “Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Соған сенесің бе?” Сонда Марта: “Иә, ұстаз! Мен Сіздің Мәсіх және Құдайдың Ұлы екеніңізге сенемін” — деп жауап берді.
Содан кейін Мәриям келді. Ол Исаның аяғына жығылып былай деді: Ием, Сіз осында болсаңыз бауырым өлмес еді! Иса олардан: “Оны қай жерге жатқыздыңдар?” — деп сұрады. Олар: “Қабірде. Барып көріңіз” — деп жауап қайтарды. Иса көзіне жас алды.
Қабір аузы қақпақ таспен жабылған үңгір болатын. Иса үңгірге жақындағанда: “Тасты алып тастаңдар” — деп бұйырды. Бірақ Марта былай деді: “Елазардың қайтқанына төрт күн болды, ол иістеніп кетті”.
Иса оған: “Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім?” — деді. Сонда олар қабірдің аузынан қақпақ тасты домалатып алып тастады.
Иса көкке қарап: “Әке, әрқашан Мені еститініңе алғыс айтамын. Мені еститініңе кәміл сенемін, бірақ мұны осында тұрған адамдардың Сенің Мені жібергеніңе көздері жетуі үшін айтып тұрмын”. Содан кейін Иса қатты дауыстап: “Елазар, шық!” — деп бұйырды.
Сонда Елазар қабірден шықты! Ол толық кебінге оралған еді. Иса айналасында тұрған адамдарға: “Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін!” — деді. Бұл кереметті көрген яһудилердің көбі Исаға сенді.
Бірақ бас діни қызметшілер мен парызшылдар бүкіл халық Исаға Мәсіх ретінде сеніп кетеді деп кауіптенді. Сондықтан олар кеңес құрып, Иса мен Елазарды өлтіруді жоспарларды.