unfoldingWord 04 - Ыбырайым мен Құдайдың арасындағы келісім

unfoldingWord 04 - Ыбырайым мен Құдайдың арасындағы келісім

概要: Genesis 11-15

文本编号: 1204

语言: Kazakh

主题: Living as a Christian (Obedience, Leaving old way, begin new way); Sin and Satan (Judgement, Heart, soul of man)

听众: General

类型/流派: Bible Stories & Teac

目的: Evangelism; Teaching

圣经摘录: Paraphrase

状态: Approved

脚本是翻译和录制成其他语言的基本指南,它们需要根据实际需要而进行调整以适合不同的文化和语言。某些使用术语和概念可能需要有更多的解释,甚至要完全更换或省略。

文本正文

Топан судан кейін біраз жыл өткен соң жер бетінде адамдар қайтадан көбейді және олар зұлым пиғылдарын тастамай Құдайға және бір-біріне қарсы күнә жасап жүрді. Сол уақытта адамдар бір тілде сөйлеген еді. Құдай оларға жер бетіне жайылып өмір сүріңдер деген болатын, бірақ олар Құдайға мойынсұнбай керісінше бір жерге жиналып қала тұрғыза бастады.

Адамдар тым тәкәппар еді. Олар Құдайды тыңдамай Оның айтқанындай өмір сүргісі келмеді. Сонымен қатар өздерінің атағын шығарып жер бетіне жайылмау үшін олар көкке жететін биік мұнара сала бастады. Егер олар осылай арам пиғылдарын жалғастыра беретін болса, онда бұдан да зор күнә жасайтынын Құдай көрді.

Сонда Құдай олардың ортақ тілдерін көптеген әртүрлі тілдерге ауыстырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді. Олар тұрғызып жатқан қала “Бабыл” деп аталды, оның мағынасы “араласқан” дегенді білдіреді.

Жүздеген жылдардан кейін Құдай Ыбырам деген адамға келеді. Құдай оған: “Ыбырам, еліңді және туған-туыстарыңды тастап, Мен көрсеткен жерге бар. Мен саған ақ батамды беремін және сенен ұлы халық өрбітіп шығарамын. Сенің есіміңді ұлылыққа бөлеймін. Саған батасын бергендерді жарылқаймын, сені қарғағандарды қарғаймын. Жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады”.

Ыбырам Құдайдың айтқанын орындайды. Ол өзінің әйелі Сарайды және қызметшілері мен бар мал-мүлкін алып, Құдай көрсеткен Қанахан еліне барады.

Ыбырам Қанахан жеріне келгенде, Құдай былай деді: “Айналаңа көз таста. Мен осы жерді саған және сенің ұрпақтарыңа мәңгілікке беремін”. Сонда Ыбырам сол жерде қоныстанып орналасты.

Сол жақта Мәліксадық атты Жаратқан Иенің діни қызметкері болған еді. Ыбырам жиенін шайқастан босатып алғаннан кейін, Мәліксадықпен кездеседі. Сонда Мәліксадық: “Көк пен жердің Құдайы сені жарылқасын!” — деп Ыбырамға оң батасын берді. Содан кейін Ыбырам қолындағы барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа бөліп береді.

Арада көп жыл өтті, бірақ Ыбырам мен Сарайда әлі де мұрагерлері болмады. Сонда Құдай оған ұл сыйлайтынын және оның ұрпағының саны аспандағы жұлдыздардай көп болатынын уәде етті. Ыбырам Құдайдың уәдесіне сенді, сонда Құдай Ыбырамның сеніміне қарап оны ақтап, әділ деп есептеді.

Содан кейін Құдай Ыбыраммен келісімге тұрды. Негізі келісім екі адамның арасында белгілі бір міндеттерді орындау мақсатында жасалады. Бірақ осы жолы Құдайдың Өзі Ыбыраммен келісімге тұрып, оған мұрагер болатын ұл сыйлаймын деп уәде берді. Құдай осы келісімді орнатқан кезде Қанахан жерін Ыбырамның ұрпағына берді. Содан кейін Ыбырамның түсінде Құдай оның ұрпағымен не болатынын көрсетті. Бұл жайттардан кейін арада біраз жылдар өтті, бірақ Ыбырамда әлі де мұрагер туылмады.

相关信息

人生箴言 - GRN提供几千种语言的福音音频信息,包含圣经信息,救赎和基督徒生活。

免费下载 - 免费下载传福音及发展教会所用的录音、图片、文本和其他相关资料。内容包括福音与圣经故事,并已被翻译成上千种语言。

环球录音网音频图书馆 - Mp3,CD和磁带格式的福音材料和圣经教学材料,满足人们不同文化的需求。录音材料的形式多样,包括简单的圣经故事,福音信息,经文朗诵和歌曲。

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons